Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 1649

      2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтауда қалыптасқан төтенше ахуалға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жамбыл облысының әкіміне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл МАЭС-ін іске қосуға және оның тұрақты жұмыс істеуіне байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін 350 000 000 (үш жүз елу миллион) теңге бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 334          

              қаулысымен. 


P020334_



     2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Жамбыл

облысының әкімі Жамбыл МАЭС-ін іске қосуды және оның тұрақты жұмыс істеуін

қаржыландыру жөнінде бірлескен шешім қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.