Бас Прокурордың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 14 қаулысына келтірген наразылығы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 15 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 P980306_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1, 5 және 6-тармақтарда "Ақпарат" деген сөздің алдынан "Мәдениет," деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 2-тармақта:
      "1993 жылғы 22 қаңтардағы" деген сөздер "1997 жылғы 5 қыркүйектегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрі - А.С.Сәрсенбаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі Олег Григорьевич Рябченко" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 3-тармақта "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік

 

кәсіпорнының Бас директоры Д.Н.Назарбаева" деген сөздер "Қазақстан

Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі

Ардақ Дүкенбайұлы Досжан" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.