Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қарашадағы N 1080 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 ақпандағы N 182 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Қаулысы 2001 жылғы 19 шілде N 979

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1385  Қаулысымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы   Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялаудың ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнің            
2001 жылғы 19 шілдедегі    
N 976 қаулысымен        
бекітілген            

          Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялаудың
                             Ережесі     

                          1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялаудың осы ережесi (бұдан әрi - ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзiрленген. 

      2. Олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) және түрi (институт, академия, университет) бойынша мәртебесiн мемлекеттiң тануы мақсатында, түлектерге бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгідегi құжатты беру құқығы бар бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесi белгіленiп бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы берiлген лицензиясына сәйкес кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудiң бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдары (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымдары) мемлекеттiк аккредитациядан (бұдан әрi - аккредитация) өтедi.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына құрылған халықаралық және шетелдiк білiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын шарттар және тәртiппен мемлекеттiк аккредитациядан өтедi.

      4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялауды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - аккредитациялық орган) аккредитациялық орган бекiткен білiм беру ұйымдарының үлгiсi мен түрі көрсеткiштердiң тiзбесi мен бағалау өлшемдері мемлекеттiк аттестацияның нәтижесi бойынша аккредитацияланатын бiлiм беру ұйымының қызметiн бағалау негiзiнде жүзеге асырады.

      5. Аккредитациялық орган Қазақстан Республикасының аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдарының тiзiмiн жүргiзедi және олардың тiзбесiн Еуропа аймағындағы (Лиссабон, 1997 ж.) Жоғары бiлімге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияның қағидаларына сәйкес Академиялық тану мен ұтқырлық мәселелерi жөнiндегi еуропалық ұлттық ақпарат орталықтары желiсiне жібередi.

      6. Бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау мәселелерін алқа алдында және жариялы түрде қарау үшін аккредитациялық орган консультативтік-кеңесші орган - Білім беру ұйымдарын аккредитациялау жөніндегі кеңес (бұдан әрі - аккредитациялық кеңес) құрады, оның құрамына мемлекеттік органдар мен мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіреді. 
      Аккредитациялық кеңес туралы ережені аккредитациялық орган бекітеді.

       

    2. Мемлекеттiк аккредитацияны жүргізудің тәртiбi 

       7. Аккредитация алу үшін білім беру ұйымдары аккредитациялық органға мынадай құжаттарды: 
      1) аккредитациялық орган бекіткен нысан бойынша өтiнiшті; 
      2) бiлiм беру қызметiн жүргiзуге құқық беретiн лицензияның көшiрмесiн; 
      3) мемлекеттік аттестациялаудың нәтижесi туралы қорытындыны; 
      4) аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша бiлiм беру ұйымының қызметiн кешендi бағалауға арналған ақпаратты тапсырады.

      8. Аккредитациялық органның білiм беру ұйымдарының құжаттарын қарау және шешiм қабылдау мерзiмi үш айдан аспауға тиiс.

      9. Аккредитациялық орган білiм беру ұйымдарының өтiнiштерiн қарау процесiнде олардың қызметiн кешендi бағалау үшiн ұсынылған ақпараттың дұрыстығын анықтау мақсатында білiм беру ұйымдарының құжаттарын тексерудi жүргiзедi. 

      10. Білiм беру ұйымдары тапсырған құжаттарды, сондай-ақ тексеру нәтижелерiн қарау аккредитациялық кеңестiң отырыстарында жүзеге асырылады.

      11. Білім беру ұйымы тапсырған құжаттар мен тексеру материалдарын қарау нәтижелерi бойынша аккредитациялық кеңес мынадай ұсынымдар бередi: 
      бiлiм беру ұйымын аккредитациялау; 
      бiлiм беру ұйымын аккредитациялаудан бас тарту.

      12. Мынадай: 
      1) осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес талап етілетiн барлық құжаттар тапсырылған; 
      2) құрылтай құжаттарында мәлiмденген білiм беру ұйымының үлгiсi мен түрi бiлiм беру ұйымының үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрi (университет, академия, институт) бойынша аккредитациялауға арналған бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерiне сай болған; 
      3) мемлекеттiк аттестациялау комиссиясының осы білім беру ұйымында жоғары кәсiптiк бiлiмнiң барлық мамандықтары бойынша және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң барлық ғылыми мамандықтары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымына "аттестациялансын" деген шешімі болған шарттар орындалған жағдайда аккредитациялау туралы оң шешiм қабылданады.

      13. Мынадай негіздер: 
      1) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмесе немесе тапсырылған құжаттарды тексеру барысында күмәнді мәліметтер анықталса; 
      2) құрылтай құжаттарында мәлiмденген білiм беру ұйымының үлгісi мен түрi университет, академия немесе институт түрiндегi білiм беру ұйымын аккредитациялауға арналған бағалаудың негізгі көрсеткiштерінің тізбесі мен өлшемдеріне сәйкес келмесе; 
      3) мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мамандар даярлауды жүзеге асыратын осы бiлім беру ұйымында жоғары кәсіптiк бiлімнің бiр және бiрнеше мамандығы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiмнiң бiр немесе бiрнеше ғылыми мамандығы бойынша бiлiм беру ұйымы "аттестацияланбасын" деген шешiмi болса, аккредитациялау туралы терiс шешiм қабылданады. 
      Бiлiм беру ұйымы көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде аккредитациялау туралы өтініш жалпы негізде қаралады.

      14. Аккредитациялау туралы түпкiліктi шешiмдi аккредитациялық орган қабылдайды және бұйрықпен бекiтедi. Оның негiзiнде бiлiм беру ұйымына 5 жыл мерзiмге аккредитациялау туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) берiледi. 

      15. Аккредитациялау туралы куәлiк бiлiм беру ұйымының үлгiсi (жоғары оқу орны) және түрi (институт, академия, университет) бойынша белгiлi бiр мерзiмге мәртебесiн және бiлiм беру ұйымының өз түлектерiне белгiленген мамандықтар тiзбесi бойынша бiлiмi және бiлiктiлiгiнiң тиiстi деңгей (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат беру құқығын растайтын ресми мемлекеттiк құжат болып табылады. 
      Куәлiк бланкiнiң нысанын және оған қосымшаның нысанын, сондай-ақ оны беру тәртiбiн аккредитациялық орган белгiлейдi. Аккредитациялық орган куәлiктер мен қосымшалардың бланктерiн жасауды, қатаң есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.

      16. Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөнiндегi мамандандырылған кеңестер мен оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер тек қана аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдарында құрылады.

      17. Ғылыми-педагогикалық кадрларды аспирантура және докторантура нысанында даярлауға мемлекеттiк тапсырысты аккредитацияланбаған бiлім беру ұйымдарында орналастыруға рұқсат берiлмейдi.

      18. Куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм ресiмделген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде бiлiм беру ұйымына берiледi.

       3. Куәліктiң қолданылуын тоқтата тұру және керi
                      қайтарып алу 

 

      19. Бiлiм беру ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, бұрын берiлген аккредитациялау туралы куәлiк аккредитациялық органның бұйрығымен күшi жойылды деп танылады, бұл туралы аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдардың тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады. 
      Куәлiк күшiнде болған кезінде бiлiм беру ұйымын тарату немесе қайта ұйымдастыру жүргiзiлген жағдайда, ол аккредитациялық органға тиiстi ақпарат беруге және бiлiм беру ұйымын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап бір ай мерзiмде куәлiктi қайтаруға тиiстi. 
      Бiлiм беру ұйымын қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығының лицензиясына сәйкес жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымы жалпыға бiрдей негiзде аккредитациядан өтедi. 

      20. Аккредитациялық орган мынадай жағдайда өз бұйрығымен өзi берген куәлiктің қолданылуын тоқтата тұрады немесе күшін жояды (білім беру ұйымын аккредитациядан айырады):
      1) Құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшының өкілеттігін жүзеге асыратын орган тиiстi өтініш ұсынған;
      2) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған не оны керi қайтарып алған.
       Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.29.  N 964  қаулысымен.

         21. <*> 
       Ескерту. 21-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.24.  N 98  қаулысымен. 

         22. Аккредитациялау туралы куәлiк алған немесе куәлiгi керi қайтарып алынған білiм беру ұйымдары туралы ақпаратты аккредитациялық орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға бередi. 

      23. Оның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлардың өзгеруiне байланысты аккредитациялық кеңестiң ұсынымы негiзiнде аккредитациялық органның бұйрығымен, қолданылуы қайтадан жаңалануы мүмкiн.
     Аккредитациялық органның тиiстi шешiмi қабылданған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде бiлiм беру ұйымдарының, құрылтайшының (құрылтайшылардың) назарына жеткiзiледi.

      24. Куәлiк жоғалған кезде аккредитациялық орган бiлiм беру ұйымының өтiнiшi негiзiнде оған аккредитациялау туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.

      25. Бiлiм беру ұйымы аккредитациялау туралы немесе ккредитациялаудан бас тарту туралы шешiмге заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.