2000 жылғы егіннің астығын сатып алуға бөлінген ақшалай қаражаттың
республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 сәуірдегі N 440
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта "150 000 (бір жүз елу мың)" деген сөздер "120 000 (бір жүз
жиырма мың) тоннаға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.