Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 сәуір N 440

      Осы Заң Қазақстан экономикасында қосымша қаржы қаражатын тарту мақсатымен Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылып, мәлімделмеген ақшасын жария ету жөнінде мемлекеттің экономика саласында жекелеген құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды салық салудан және жауаптылықтан босату арқылы біржолғы айрықша шара жүргізуін реттейді.

1-бап

      1. Осы Заң салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне енетін екінші деңгейдегі банктерге ұлттық немесе шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша салу, сондай-ақ шетелдік банктердегі жеке шоттарынан өз ақшасын аудару арқылы жария ету кезеңінде арнайы шоттарға ақшаға билік ету құқығынсыз ақша енгізетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      2. Ақшаны жария ету кезеңі - 2001 жыл ішіндегі отыз күнтізбелік күн. Кезеңнің басталу мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленеді.
      ЕСКЕРТУ. 1-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.06.29. N 218-II Заңымен.

2-бап

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы бағытталған қылмыстардың нәтижесінде алынған ақшаның, сондай-ақ басқа адамдарға тиесілі немесе кредит ретінде алынған ақшаның жария етілу жағдайына қолданылмайды.

3-бап

      1. Арнайы шоттардың бар-жоғы және олардағы ақшаның мөлшері туралы ақпарат жария етілмеуге тиіс.
      2. Арнайы шоттың болуы кез келген іс жүргізу әрекеттерін жасауға, оның ішінде қылмыстық қудалауды немесе әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асыруға негіз бола алмайды.
      3. Осы Заңға сәйкес рақымшылық жасалған азаматтардың мүлкін тәркілеуді көздейтін сот шешімдері (үкімдері) заңды күшіне енген жағдайда жария етуге ұсынылған ақша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне алынады.

4-бап

      Ұлттық және (немесе) шетелдік валюта түрінде арнайы шотқа келіп түскен ақшаға билік етуді азамат (салымшы) жария ету мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жүзеге асыра алады.

5-бап

      Осы Заңның 1-бабында аталған адамдарға арнайы шоттарына ақша салынған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі салынған соманың мөлшері мен оның салынған күні көрсетілген ресми құжат береді. Арнайы шоттарды ашу мен жүргізу ерекшеліктері, ресми құжаттың нысаны және оны беру, арнайы шоттардағы ақшаның есебін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді.

6-бап

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арнайы шоттарына осы Заңның 1-бабында аталған адамдар салған сома салық салынатын табысқа енгізілмейді.

7-бап

      Осы Заңның 1-бабында аталған адамдар осы Заңның 1-бабына сәйкес жария ету басталған мерзімге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190192221 -баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

8-бап

      Осы Заңның 1-бабында аталған адамдар осы Заңның 1-бабына сәйкес жария ету басталған мерзімге дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 137143154205209 -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

9-бап

      Осы Заңның 6, 7 және 8-баптарының күші осы Заңның 1-бабына сәйкес ақшаны жария ету кезеңі басталғанға дейін қылмыстық іс қозғалған және әкімшілік іс қаралып жатқан, сондай-ақ сотталған адамдар мен әкімшілік жазалар белгіленген адамдарға қолданылмайды.

10-бап

      Осы Заң орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тиісті лауазымды адамдар және екінші деңгейдегі банктерде басқару функцияларын орындайтын адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті