Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi бухгалтерлiк есептiң ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы N 330 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының Z010143_ 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi бухгалтерлiк есептiң ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                              2001 жылғы 5 наурыздағы
                                                  N 330 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

       Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң
      қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке
            есепке алу жөнiндегi бухгалтерлiк есептiң
                          ЕРЕЖЕЛЕРI

                      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқару жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын агенттiң (бұдан әрi - агент) өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Агент бухгалтерлiк есептi (бұдан әрi - есеп) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ заң күшi бар Жарлығына, V960248_ бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң стандарттарына, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6 қаулысымен бекiтiлген Субъектiлердiң қаржылық-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзу есептерiнiң бас жоспарына (бұдан әрi - Бас жоспар) және осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiң астықтың мемлекеттiк ресурстарын (бұдан әрi - мемлекеттiк ресурстар) басқару жөнiндегi операцияларының есебiн жүргiзу есеп тiркелiмдерiнiң екi жинағын жүргiзе отырып, өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi бойынша операциялардан оқшау жүзеге асырылады.
      4. Өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi бойынша есептi агент бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк ресурстармен операциялар бойынша есеп жүргiзу бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес төменде келтiрiлген талаптарды орындай отырып, жүзеге асырылады.
      5. Агент мемлекеттiк ресурстарды басқару жөнiндегi шаруашылық операцияларын қосарланған жазбаның негiзiнде есепте көрсетедi және Бас жоспардың есептерiне қосалқы шотты 1-қосымшаға сәйкес және 2-қосымшаны ескере отырып, пайдаланады.
      6. Осы Ережелердi қолдану мақсаты үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агенттiң негiзгi қызметi - өз қызметiнiң шегiнде астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және сату жөнiндегi қызмет;
      2) агенттiң негiзгi емес қызметi - астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқарумен байланысты, заңдармен тыйым салынбаған агенттiң өзге қызметi;
      3) арнайы шоттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық органдарында агентке ашылған және уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауында болатын шоттар;
      4) N 1 арнайы шот - мемлекеттiк ресурстардың астығын сатып алуға арналған бюджеттiң ақшасы түсетiн арнайы шот;
      5) N 2 арнайы шот - мемлекеттiк ресурстардың сатылған астығы үшiн алынған ақша жинақталатын арнайы шот;
      6) N 3 арнайы шот - азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiн сақтауға арналған бюджеттiң ақшасы түсетiн арнайы шот;
      7) астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқару - уәкiлеттi мемлекеттiк органмен шарттың негiзiнде астықтың мемлекеттiк ресурстарын агенттiң қалыптастыруы (сатып алуы), сақтауы, жаңартуы, пайдалануы және сатуы.
      7. Жылдық қаржылық есеп беру үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл есеп беру кезеңi болып табылады. Жылдық қаржылық есеп беруге қосымша уәкiлеттi мемлекеттiк органға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсандық есеп берiледi.

                       2. Кiрiстердiң есебi

     8. Ұйымның негiзгi және негiзгi емес қызметiнен алынған кiрiстер оның астықтың мемлекеттiк ресурстарымен операциялардан алынған жиынтық кiрiсiн құрайды.
     9. Агенттiң негiзгi қызметiнен алынатын кiрiс мемлекеттiк ресурстарды сатумен байланысты кiрiс болып табылады.
     10. Агенттiң негiзгi емес қызметiнен алынатын кiрiске:
     азық-түлiктiк астықтың резервiн сақтауға арнап республикалық бюджеттен бөлiнген субсидиялар;
     берiлген тауарлық несиелер үшiн сыйақы;
     банктердегi депозиттер бойынша сыйақы;
     мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
     бағамдық айырмадан алынған кiрiстер;
     өзге де кiрiстер жатады.
     11. Кiрiстердiң есебi қосып есептеу әдiсiнiң негiзiнде мынадай шоттарда жүргiзiледi:

     702 "Мемлекеттiк ресурстарды сатудан алынған кiрiс";

     724 "Пайыздар түрiндегi кiрiстер";

     725 "Бағамдық айырмадан алынған кiрiс";

     726 "Республикалық бюджеттен субсидиялар";

     727 "Негiзгi емес қызметтен алынған өзге кiрiстер".

     Бұл ретте 702-шотқа мемлекеттiк ресурстардың түрлерi бойынша қосымша шоттар ашылады.

                             3. Шығыстардың есебi

     12. Мемлекеттiк ресурстармен операциялар жөнiндегi шығыстар мыналардан тұрады:

     сатылған астықтың өзiндiк құны;

     сақтауға жұмсалған шығыстар;

     сату бойынша шығыстар;

     комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар;

     сатудың таза құнына дейiнгi тауарлық-материалдық қорларды есептен шығарудың шығыстары;

     бағамдық айырма бойынша шығыстар;

     табыс салығы бойынша шығыстар;

     өзге де шығыстар;

     дүлей зiлзалалар кезiндегi шығыстар.

     13. Шығыстар мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарға қосып есептеу әдiсiнiң негiзiнде есептеледi:

     802 "Сатылған мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк құны";

     811/1 "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау бойынша шығыстар";

     811/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сату бойынша шығыстар";

     821 "Комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар";

     844 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар";

     845 "Негiзгi емес қызмет бойынша өзге де шығыстар"

     851 "Табыс салығы бойынша шығыстар";

     861 "Дүлей зiлзалалардан болған, өтемақы төленбейтiн залалдар";

     862 "Дүлей зiлзалалардан болған кiрiстер (шығындар)".

     Бұл ретте 802, 811/1, 811/2 және 821-шоттарға кейiнгi тәртiптiң

талдамалы шоттары (қосымша шоттар) астықтың мемлекеттiк ресурстарының түрлерi бойынша ашылады.

                    4. Тауарлық-материалдық қорлардың есебi

     14. Тауар-материалдық қорлар:

     азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiнен,

     жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарынан,

     тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарынан,

     астықтың мемлекеттiк сату ресурстарынан тұрады.

     15. Мемлекеттiк ресурстар тауар ретiнде, "Мемлекеттiк ресурстар" 222-шотында мынадай қосымша шоттар ашылып есептеледi:

     222/1 "Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервi",

     222/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары",

     222/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары",

     222/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстары".

     16. Астықтың өзiндiк құнына сатып алуға, көлiк-дайындау шығыстарына және астықты сатып алу мен сақтау орнына жеткiзуге байланысты жұмсалған өзге де шығыстар енгiзiледi.
      Сатып алынған астық өзiндiк құн бойынша есепке алынады.
      17. Тауарлық-материалдық қорларды сатудың таза құны олардың өзiндiк құнынан төмен болған жағдайда, өзiндiк құнды тиiстi айырманың сомасына ішiнара есептен шығару жүргiзiледi. Осы операция 802 шотына тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 222 шоттың тиiстi Қосымша шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi.
      Сатудың таза құны әдеттегi шаруашылық қызметiнiң барысындағы болжамды сату бағасынан оларды сатуды, жинақтау мен ұйымдастырудың шығындары шегерiлген сомаға тең.
      18. Мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк құнын бағалау ФИФО әдiсi бойынша жүргiзiледi. ФИФО әдiсiмен бағалау кезiнде алғашқы сатып алынған ресурстардың құны бiрiншi кезекте есептен шығарылады.
      19. Сатылатын мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк құны оған байланысты кiрiс танылған есептi кезеңдегi шығыс ретiнде танылады.
      Өтеусiз негiзде (қайырымдылық көмек) астық босатылған жағдайда, өзiндiк құн астық қоры әкетiлген есептiк кезеңдегi шығыс ретiнде танылады.
      Сатудың таза құнына дейiнгi кез келген есептен шығару сомасы және мемлекеттiк ресурстардың бүкiл ысырапты есептен шығару жүргiзiлген немесе шығын келген кезеңнiң бойындағы шығыс ретiнде танылады.
      Сатудың таза құнын арттырудың нәтижесiнде мемлекеттiк ресурстарды сатудың таза құнына дейiн бұрын есептен шығарылған құнды қалпына келтiру сомасы арттыру жүргiзiлген есептi кезеңде сатылған мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк құнын төмендету ретiнде танылады. Осы операция 802-шотқа тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 222-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша қызыл сторно әдiсiмен көрсетiледi.
      20. Азық-түлiктiк астықтың резервiн, жемдiк және тұқымдық астықтың ресурстарын астықтың сату ресурстары есебiнен толықтыру кезiнде 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың дебетi және 222/4-қосымша шоттың кредитi бойынша жазба жазылады. Азық-түлiктiк астықтың резервiн, жемдiк және тұқымдық астықтың ресурстарын астықтың сату ресурстары есебiнен жаңарту кезiнде 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың дебетi және 222/4-қосымша шоттың кредитi бойынша азық-түлiктiк резервке, жемдiк және тұқымдық ресурстарға түскен астық құнының сомасына жазба жазылады. Бұл ретте, сонымен бiр мезгiлде азық-түлiктiк астықтың резервiне, жемдiк және тұқымдық ресурстардан астықтың сату ресурстарына әкетiлетiн астықтың сомасына 222/4-қосымша шоттың дебетi және 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жазылады.
      21. Астықты сақтау бойынша қызметтер көрсетуге ақыны заттай нысанда төлегенде мынадай жазбалар жүргiзiледi:
      "Алынатын шоттар" 301-шотқа қосымша шоттардың (мемлекеттiк ресурстардың түрлерi бойынша) дебетi және 702-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша - мемлекеттiк ресурстарды сақтау жөнiндегi шығыстарға жатқызылған сомаға;

      301-шотқа тиiстi қосымша шоттардың дебетi және "Қосымша құн салығы" 633-шоттың кредитi бойынша - қосымша құн салығының сомасына;

     802-шотқа қосымша шоттардың дебетi және тауар-материалдық қорлардың есебiн жүргiзудiң тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша есептен шығарылатын тауарлық-материалдық қорлардың өзiндiк құнының сомасына;

     "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау бойынша есептеулер" 671/2-шоттың дебетi және 301-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша - мемлекеттiк ресурстарды сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар берген шоттардың сомасына.

                            5. Ақшаның есебi

     22. Ақша "Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақша" 423-шотында, мынадай қосымша шоттар ашылып, есепке алынады:

     423/1 "N 1 арнайы шоттағы қолма-қол ақша";

     423/2 "N 2 арнайы шоттағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";

     423/3 "N 2 арнайы шоттағы шетелдiк валютадағы қолма-қол ақша";

     423/4 "N 3 арнайы шоттағы қолма-қол ақша".

     23. Аванстық төлемдер жүзеге асырылған кезде "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзуге берiлген аванстар" 351, "Жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар" 352-шоттарға тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 423-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Сатылатын мемлекеттiк ресурстар үшiн аванстық төлемдер түскенде, 423/2, 423/3-қосымша шоттардың дебетi және "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзуге берiлген аванстар" 661-шотына тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      24. Республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде астық сатып алу бойынша шығыстарды төлеуге арнап көзделген ақшаның түсуi 423/1-қосымша шоттарының дебетi және "Астық сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу" 687/1-қосымша шоттарына мынадай реттегi талдамалы шоттардың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде астықты сақтау бойынша шығыстарды төлеуге арнап көзделген ақшаның түсуi 423/4-қосымша шоттарының дебетi және "Республикалық бюджеттен субсидиялар бөлу" 726-шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
      Республикалық бюджетке ақшаны аударғанда 687/1, 687/3-қосымша шоттарының дебетi және 423/2-қосымша шотының кредитi бойынша жазба жазылады.
      25. Уақытша бос ақшаны мемлекеттiк бағалы қағаздарға және банктердегi депозиттерге орналастыру мынадай шоттарда есепке алынады: 402 "Облигациялар", 403 "Басқа да қаржылық инвестициялар".

     Ақшаны көрсетiлгендей орналастыру кезiнде 402 "Облигациялар" және 403 "Басқа да қаржылық инвестициялар" шоттарының дебетi және 423-шоттың қосымша шоттарының кредитi бойынша жазба жазылады.

     26. Бағалы қағаздарға және банктердегi депозиттерге орналастырылған ақшаның есебiн агент "Қаржылық инвестициялардың есебi" 8-бухгалтерлiк есептiң стандартына сәйкес жүргiзедi.

                        6. Дебиторлық берешектiң есебi

     27. Дебиторлық берешек мыналарға бөлiнедi:

     сатылған мемлекеттiк ресурстар бойынша дебиторлық берешек;

     тауарлық несие бойынша дебиторлық берешек;

     өндiрiп алынатын қосылған құнға салынатын салық;

     келешектегi кезеңдердiң шығыстары;

     мемлекеттiк ресурстарды жеткiзуге берiлген аванстар;

     жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар;

     банктердегi мемлекеттiк құнды қағаздар мен депозиттер бойынша пайыздар бойынша берешек;

     өзге дебиторлық берешек.

     28. Дебиторлық берешек мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарда ескерiледi:

     301 "Алынатын шоттар";

     334/1 "Тауарлық несие бойынша берешек";

     334/2 "Өзге берешек";

     343 "Келешектегi кезеңдердiң шығыстары";

     331 "Өндiрiп алынатын қосылған құнға салынатын салық";

     332 "Есептелген пайыздар";

     351 "Астық жеткiзiп беруге берiлген аванстар";

     352 "Жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар".

                         7. Мiндеттемелердiң есебi

     29. Агенттiң мiндеттемелерi мыналарға бөлiнедi:

     сатып алынған мемлекеттiк ресурстар бойынша жеткiзушiлер алдындағы мiндеттемелер;

     мемлекеттiк ресурстарды сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы мiндеттемелер;

     мемлекеттiк ресурстарды сатуға байланысты шығыстар бойынша мiндеттемелер;

     астықтың мемлекеттiк азық-түлiк резервiн сатып алуға алынған қаражат бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер;

     республикалық бюджетке аударуға жататын таза кiрiс бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер, комиссиялық сыйақы бойынша мiндеттемелер;

     келешектегi кезеңдердiң кiрiстерi;

     қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;

     заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;

     мемлекеттiк ресурстарды жеткiзуге алынған аванстар;

     өзге кредиторлық берешек.

     30. Мiндеттемелер мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарда ескерiледi:

     671/1 "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзушiлермен есеп айырысу";

     671/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау бойынша есеп айырысу";

     671/3 "Мемлекеттiк ресурстарды сатуға байланысты қызметтер бойынша есеп айырысу";

     687/1 "Мемлекеттiк ресурстарды сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу";

     687/2 "Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу";

     687/3 "Таза кiрiстi бюджетке аудару бойынша мiндеттемелер";

     611 "Келешектегi кезеңдердiң кiрiстерi";

     631 "Төлемге салынатын ағымдағы табыс салығы";

     633 "Қосылған құнға салынатын салық";

     661 "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзуге алынған аванстар";

     687/4 "Өзге кредиторлық берешек";

     31. Мемлекеттiк ресурстарды қоймаларға кiрiске алған кезде мемлекеттiк ресурстардың түрлерi бойынша келесi реттiк шоттар аша отырып, 222-шотқа тиiстi қосалқы шоттардың дебетi және 671/1 "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Бiр мезгiлде, қосылған құнға салық сомасына 331 "Өтеуге арналған қосылған құнға салынатын салық" шотының дебетi және 671/1-қосалқы шотқа келесi реттiк талдамалы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Сатып алынатын мемлекеттiк ресурстар үшiн ақы төлеу 671/1-қосалқы шотқа келесi тәртiптегi талдамалы шоттардың дебетi және 423/1-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      32. Сақтау бойынша қызметтер көрсету шамасына қарай мемлекеттiк ресурстардың түрлерi бойынша келесi ретпен шоттар аша отырып, 811/1 "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау жөнiндегi шығыстар" қосалқы шоттың дебетi және 671/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау жөнiндегi есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 671/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Сақтауды жүзеге асыратын ұйымдарға ақша аударған кезде 671/2 қосалқы шотқа келесi ретпен талдамалы шоттардың дебетi және 423/2, 423/4 қосалқы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      33. Астық сатуға байланысты көлiктiк шығыстар сияқты және басқа шығыстарды жұмсағанда 811/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сату жөнiндегi шығыстар" қосалқы шотының дебетi және 671/3 қосалқы шотының немесе 423/2 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 671/3-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      34. Мемлекеттiк ресурстарды сатқан кезде 821 "Комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебетi және 687/2 "Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiлетiн комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар есептеледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 687/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Комиссиялық сыйақы бойынша берешектi өтеуге ақша аудару 687/2-қосалқы шоттың дебетi және 423/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      35. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу 633-шоттың дебетi және 331-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. Қосылған құнға салынатын салықты төлеу 633-шоттың дебетi және 423/2-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу 851 "Табыс салығы бойынша шығыстар" шотының дебетi және 631 "Төлеуге арналған ағымдағы табыс салығы" шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Табыс салығын төлеу 631-шоттың дебетi және 423/2-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
 
             8. Шетел валютасындағы операциялардың есебi
 
      36. Мемлекеттiк ресурстармен байланысты шетел валютасындағы операциялардың есебiн агент 9 "Шетел валютасындағы операциялардың есебi" бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзедi.
 
                          9. Қорытынды кiрiс (залал)
 
      37. Қорытынды кiрiс не залал 571 "Қорытынды кiрiс (залал)" шотында көрсетiледi.
      38. Есептi кезеңнiң соңында VIII "Шығыстар" бөлiмiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген шығыстар 571 "Қорытынды кiрiс (залал)" шотының дебетiне жатады. 571-шоттың кредитiне VII "Кiрiстер" бөлiмiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген кiрiстер жатады. 571 "Қорытынды кіріс (залал)" шоты бойынша дебеттiк және кредиттiк айналымдарды салыстыру 561 "Есептi жылдың бөлiнбеген кiрiсi (өтелмеген залалы)" шотына көшiрiлетiн таза кiрiстiң (залалдың) сомасын анықтайды.
      39. Таза кiрiс қалыптасқан кезде республикалық бюджетке аударылуға жататын сома 561-шоттың дебетi және 687/3 "Таза кiрiстi бюджетке аудару жөнiндегi мiндеттемелер" қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      40. Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен операциялар бойынша есептiлiк астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша есептi, астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша шаруашылық туралы есептi, астықтың мемлекеттiк ресурстарымен жасалатын операциялар бойынша ақша қозғалысы туралы есептi, астықтың мемлекеттiк ресурстарының қозғалысы туралы есептi, астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша дебиторлық берешек туралы мәлiметтердi, астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша кредиторлық берешек туралы мәлiметтердi (3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар) қамтиды.

     41. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөнiндегi есептiлiктi агент мемлекеттiк уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есептi тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде әр тоқсанның қорытындылары бойынша, сондай-ақ есептi жылдан кейiнгi келесi жылғы 30 наурызға дейiн есептi жылдың қорытындылары бойынша бередi.

                                                   Ережеге 1-қосымша

                   Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен
                     жұмыс жөнiндегi талдамалы есеп
                           шоттарының тiзбесi

     1. 222 "Астықтың мемлекеттiк ресурстары"

222/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервi"

222/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары"

222/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары"

222/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстары"

     2. 301 "Алуға берiлетiн шоттар"

301/1 "Азық-түлiк астығының резервтерi бойынша алуға берiлетiн шоттар"

301/2 "Астықтың жемдiк ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар"

301/3 "Астықтың тұқымдық ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар"

301/4 "Астықты сату ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар"

     3. 331 "Өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық"

     4. 332 "Есептелген пайыздар"

     5. 334 "Басқа дебиторлық берешек"

334/1 "Тауарлай несие бойынша берешек"

     334/1/1 "Азық-түлiк астығы резервiнен несиесi бойынша берешек"

     334/1/2 "Жемдiк астықтың ресурстарынан несиесi бойынша берешек"

     334/1/3 "Тұқымдық астықтың ресурстарынан несиесi бойынша берешек"

     334/1/4 "Астықтың сату ресурстарының несиесi бойынша берешек"

334/2 "Басқа дебиторлық берешек"

     6. 343 "Болашақтағы кезеңдерге арналған шығыстар"

     7. 351 "Мемлекеттік ресурстарды жеткiзу бойынша берiлген аванстар"

351/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiне астық жеткiзiп беруге берiлген аванстар"

351/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар"

351/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар"

351/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар"

     8. 352 "Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшiн берiлген аванстар"

     9. 402 "Облигациялар"

     10. 403 "Басқа қаржылық инвестициялар"

     11. 423 "Банктердегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақша"

423/1 "N 1 арнайы шоттағы қолма-қол ақша"

423/2 "N 2 арнайы шоттағы қолма-қол ақша"

423/3 "N 2 арнайы валюталық шоттағы қолма-қол ақша"

423/4 "N 3 арнайы шоттағы қолма-қол ақша"

     12. 561 "Бөлiнбеген табыс (жабылмаған залал)"

     13. 571 "Жиынтық табыс (залал)"

     14. 611 "Алдағы кезеңдер табыстары"

     15. 631 "Табыс салығы"

     16. 633 "Қосылған құнға салынатын салық"

     17. 661 "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзiп беруге алынған аванстар"

661/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiне астық жеткiзiп беруге алынған аванстар"

661/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар"

661/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар"

661/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар"

     18. 671 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу"

671/1 "Мемлекеттiк ресурстарды жеткiзушiлермен есеп айырысу"

     671/1/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервi бойынша

жеткiзушiлермен есеп айырысу"

     671/1/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша

жеткiзушiлермен есеп айырысу"

     671/1/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары бойынша

жеткiзушiлермен есеп айырысу"

     671/1/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстары бойынша

жеткiзушiлермен есеп айырысу"

671/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сақтау бойынша есеп айырысу"

     671/2/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiн сақтау бойынша есеп айырысу"

     671/2/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк резервiн сақтау бойынша есеп айырысу"

     671/2/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк резервiн сақтау бойынша есеп айырысу"

     671/2/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сақтау бойынша есеп айырысу"

671/3 "Мемлекеттiк ресурстарды өткiзумен байланысты қызметтер бойынша есеп айырысу"

     19. 687 "Басқа кредиторлық берешек"

687/1 "Мемлекеттiк ресурстарды сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу"

     687/1/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу"

     687/1/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу"

     687/1/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу"

     687/1/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу"

687/2 "Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу"

     687/2/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң астығын өткiзуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу"

     687/2/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын өткiзуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу"

     687/2/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын өткiзуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу"

     687/2/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын өткiзуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу"

687/3 "Таза табысты бюджетке аудару жөнiндегi мiндеттемелер"

687/4 "Басқа кредиторлық берешек"

     20. 702 "Астықтың мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен кiрiс"

702/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң астығын сатудан түскен кiрiс"

702/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен кiрiс"

702/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен кiрiс"

702/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатудан түскен кiрiс"

     21. 724 "Пайыздар түрiндегi табыстар"

     22. 725 "Бағамдық айырмадан түскен табыс"

     23. 726 "Республикалық бюджеттiң субсидиялары"

     24. 727 "Негiзгi емес қызметтен түскен басқа табыс"

     25. 802 "Сатылған мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк құны"

802/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң сатылған астығының өзiндiк құны"

802/2 "Жемдiк астықтың сатылған мемлекеттiк ресурстарының өзiндiк құны"

802/3 "Тұқымдық астықтың сатылған мемлекеттiк ресурстарының өзiндiк құны"

802/4 "Астықтың сатылған мемлекеттiк сату ресурстарының өзiндiк құны"

     26. 811/1 "Астықтың мемлекеттiк ресурстарын сақтау бойынша шығыстар"

811/1/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiн сақтау бойынша шығыстар"

811/1/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын сақтау бойынша шығыстар"

811/1/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын сақтау бойынша шығыстар"

811/1/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сақтау бойынша шығыстар"

     27. 811/2 "Мемлекеттiк ресурстарды сату бойынша шығыстар"

811/2/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiн сату бойынша шығыстар"

811/2/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын сату бойынша шығыстар"

811/2/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын сату бойынша шығыстар"

811/2/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сату бойынша шығыстар"

     28. 821 "Комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар"

821/1 "Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң астығын сатудың

комиссиялық сыйақы бойынша шығыстары"

821/2 "Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын сатудың комиссиялық

сыйақы бойынша шығыстары"

821/3 "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын сатудың комиссиялық

сыйақы бойынша шығыстары"

821/4 "Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатудың комиссиялық

сыйақы бойынша шығыстары"

     29. 844 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар"

     30. 845 "Негiзгi емес қызмет бойынша басқа шығыстар"

     31. 851 "Табыс салығы бойынша шығыстар"

     32. 861 "Дүлей зiлзаладан болған өтелмейтiн залалдар"

     33. 862 "Дүлей зiлзаладан болған кiрiстер (залалдар)"

                                                   Ережеге 2-қосымша

          Үлгілі шаруашылық операцияларының астықтың мемлекеттік
           ресурстарымен жүргізген шоттарының корреспонденциясы

---------------------------------------------------------------------

N  !        Операциялар мазмұны         !      Шоттар корреспонденциясы

   !                                    !----------------------------------

   !                                    !       Дебет    !    Кредит

---------------------------------------------------------------------

1.  Жеткізушілердің мемлекеттік          222/1-222/4      671/1/1-671/1/4

    ресурстарды сатып алу ҚҚС сомасына        331


2.  Мемлекеттiк ресурстарды өткiзу       802/1-802/4      222/1-222/4

                                         301/1-301/4      702/1-702/4

    ҚҚС сомасына                         301/1-301/4          633

3.  Ел iшiнде мемлекеттiк ресурстарды    802/1-802/4      222/1-222/4

    өтеусiз беру

    ҚҚС сомасына                         301/1-301/4          633


4.  Шетелдiк мемлекеттерге гуманитарлық      845          222/1-222/4

    көмек

    "Шығарылған елдерi" қағидаты бойынша

    ҚҚС төлеттiрiп алу жүргiзiлген

    елдермен,

    ҚҚС сомасына                             845              633


5.  Сақтауды жүзеге асыратын ұйымның     811/1/1-811/1/4  671/2/1-671/2/4

    акцептелген шоты

    ҚҚС сомасына                             331          671/2/1-671/2/4

    Сақтау қызметi үшiн мемлекеттiк      301/1-301/4      702/1-702/4

    ресурстарды беру

    ҚҚС сомасына                         301/1-301/4          633

    Сақтау шығындары жөнiндегi талаптар  802/1-802/4      222/1-222/4

    мен мiндеттемелердi есепке алу          671/2         301/1-301/4


6.  Мемлекеттiк ресурстардың өзiндiк     802/1-802/4      222/1-222/4

    құнын өткiзудiң таза құнына дейiн

    есептен шығару

7.  Өткiзудiң таза құнын өсiрудiң

    нәтижесiнде бұрын өткiзудiң таза

    құнына дейiн есептен шығарылған

    мемлекеттiк ресурстардың құнын

    қалпына келтiру                      802/1-802/4      222/1-222/4

8.  "Астықтың мемлекеттiк сату

    ресурстарының есебiнен азық-түлiк

    астығының, жемдiк және тұқымдық

    астықтың мемлекеттiк ресурстарының

    мемлекеттiк резервiн толықтыру       222/1-222/3          222/4


9.  Астықтың мемлекеттiк сату

    ресурстарының есебiнен азық-түлiк

    астығының, жемдiк және тұқымдық

    астықтың мемлекеттiк ресурстарының   222/1-222/3          222/4

    мемлекеттiк резервiн жаңарту            222/4         222/1-222/3


10. Республикалық бюджеттен арнайы

    шоттарға ақшаның түсуi:

    мемлекеттiк ресурстарды алуға

    азық-түлiк астығының мемлекеттік        423/1         687/1/1-687/1/4

    резервiн сақтауға                       423/4               726


11. Мемлекеттiк ресурстардың

    өткiзiлуiнен ақшаның түсуi           423/2, 423/3     301/1-301/4


12. Мемлекеттiк ресурстарды сатып

    алушылардан аванстық төлемдердiң

    түсуi                                423/2, 423/3           661


13. Мемлекеттiк ресурстар

    жеткiзушiлерiне аванстық

    төлемдердi жүзеге асыру              351/1-351/4           423/1

14. Мемлекеттiк ресурстарды сақтау,

    көлiк қызметiн көрсету және т.б.

    жөнiнде қызметтер көрсететiн

    ұйымдарға аванстық төлемдердi

    жүзеге асыру                             352           423/2, 423/4


15. Сатып алынған мемлекеттiк

    ресурстар жөнiндегi берешектi

    өтеу есебiнен жеткiзушiлерге

    ақша аудару                          671/1/1-671/1/4       423/1


16. Комиссиялық сыйақы бойынша

    берешектi есептеу                    821/1-821/4       687/2/1-687/2/4

    ҚҚС сомасына                              331

17. Комиссиялық сыйақы бойынша

    берешектi өтеу есебiнен ақша

    аудару                               687/2/1-687/2/4       423/2


18. Мемлекеттiк ресурстарды

    сатумен байланысты тасымалдау

    және басқа да қызметтер

    жөнiндегі қызметті жүзеге

    асыратын ұйымдардың акцепт шоттары   811/2/1-811/2/4       671/3

    ҚҚС сомасына                               331

19. Мемлекеттiк ресурстарды сатумен

    байланысты қызмет көрсететiн,

    мемлекеттiк ресурстарды және т.б.

    сақтауды жүзеге асыратын             671/2/1-671/2/4,   423/2, 423/4

    ұйымдардың қызметтерiне ақы төлеу         671/3


20. Мемлекеттiк ресурстарды

    жеткiзушiлерге бұрын берiлген

    аванстарды берешектер өтемiнiң

    есебiне алу                          671/1/1-671/1/4    351/1-351/4


21. Орындалған жұмыстар, көрсетiлген

    қызмет үшiн бұрын берiлген

    аванстарды ұйымдар қарызы өтемiнiң   671/2/1-671/2/4,        352

    есебiне алу                               671/3


22. Мемлекеттiк ресурстардың

    жеткiзiлiмi үшiн бұрын алынған

    аванстарды есепке алу                      661          301/1-301/4


23. Дүлей зiлзалалардың салдарынан

    мемлекеттiк ресурстарды есептен

    шығару                                  861, 862        222/1-222/4

24. Бағамдық айырма бойынша шығыстар           844          301/1-301/4,

                                                               423/3,

                                                               671/1,

                                                               671,3


25. Бағамдық айырма бойынша кiрiстер     301/1-301/4,            725

                                              351,

                                             423/3,

                                         661, 671/1, 671/3


26. ҚҚС-ны есепке алу                         633,               331

    ҚҚС-ны бюджетке төлеу                     633               423/2


27. Астықтың мемлекеттiк

    ресурстарымен жұмыстың

    қорытындысы бойынша табыс салығын

    есептеу                                   851                631

    Табыс салығын бюджетке төлеу              631               423/2


28. Есептi кезеңдегi табыстың            702/1-702/4,            571

    қорытынды сомасын көрсету            724, 725, 726, 727

29. Есептi кезеңдегi шығыстың                 571            802/1-802/4,

    қорытынды сомасын көрсету                                811/1, 811/2,

                                                             821, 844, 845,

                                                             851, 861, 862

30. Есепті кезеңдегі таза кірісті

    айқындау                                  571                561


31. Мемлекеттік ресурстармен

    операциялардан түскен таза

    табыстың аударылуы бойынша бюджет

    алдындағы қарыздың пайда болуы            561               687/3


32. Мемлекеттік ресурстарды сатудан     

    келіп түсетін республикалық          687/1/1-687/1/4,       423/2

    бюджетінің кірісіне ақша аудару          687/3

--------------------------------------------------------------------- 

                                                   Ережеге 3-қосымша

                 Астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша

                   200 __ жылғы ________ арналған есеп

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

                  Баптардың атауы              ! Жолдың ! Жылдың ! Жылдың

                                               !  коды  ! басында! аяғында

---------------------------------------------------------------------

Активтер


Мемлекеттiк ресурстар, оның iшiнде:               100


азық-түлiк астығының резервi (222/1)              110

жемдiк астықтың ресурстары (222/2)                120

тұқымдық астықтың ресурстары (222/3)              130

астықтың мемлекеттiк сату ресурстары (222/4)      140

Дебиторлық берешек, оның iшiнде:                  200

алуға арналған есептеулер (301)                   210

берiлген аванстар (351, 352)                      220

ҚҚС (331)                                         230

тауарлы несие (334/1)                             240

Қосып есептелген проценттер (332)                 250

Келесi кезеңдердiң шығыстары (343)                260

Басқа дебиторлық берешек (334/2)                  270

Қаржылық инвестициялар (402, 403)                 300

Арнаулы шоттардағы қолма-қол ақша                 400

(423/1, 423/2, 423/3, 423/4)

Активтердiң жиыны

Мiндеттемелер

Кредиторлық берешек, оның iшiнде:                 500

Төлеуге берiлетiн шоттар (671/1)                  510

сақтау жөнiндегi мiндеттемелер (671/2)            520

өткiзумен байланысты қызметтер жөнiндегі          530

мiндеттемелер (671/3)

комиссиялық сыйақы (687/2)                        540

астық сатып алу бойынша бюджетпен есеп            550

айырысу (687/1)

ҚҚС бойынша берешек (633)                         560

табыс салығы бойынша берешек (631)                570

Алынған аванстар (661)                            580

келесi кезеңдердің кірістері (611)                590

бюджетке аударылуға жататын таза кiрiс (687/3)    600

Басқа мiндеттемелер (687/4)                       700


Міндеттемелердiң жиыны

Мемлекеттiк ресурстардың шаруашылық               800

қызметiнен түскен таза кiрiс (залал)

---------------------------------------------------------------------

Басшы

Бас бухгалтер

                                                   Ережеге 4-қосымша    

                  Астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша
                   шаруашылық қызмет нәтижелері туралы

                   200 __ жылғы ________ арналған есеп

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

              Көрсеткiштердiң атауы             !  Жолдың N  !   Сомасы

---------------------------------------------------------------------

Мемлекеттiк ресурстарды өткiзуден түскен кiріс       010

(702)

Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң          011

астығын сатудан түскен кiрiс (702/1)

Жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарын              012

сатудан түскен кiрiс (702/2)

Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын            013

сатудан түскен кiрiс (702/3)

Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатудан        014

түскен табыс (702/4)

Сатылған мемлекеттiк ресурстардың өзіндік құны       020

(802)

Азық-түлiк астығының мемлекеттiк резервiнiң          021

сатылған астығының өзiндiк құны (802/1)

Жемдiк астықтың сатылған мемлекеттiк                 022

ресурстарының өзiндiк құны (802/2)

Тұқымдық астықтың сатылған мемлекеттiк               023

ресурстарының өзiндiк құны (802/3)

Астықтың сатылған мемлекеттiк сату                   024

ресурстарының өзiндiк құны (802/4)

Жалпы кiрiс                                          030

Кезең шығыстары, оның ішiнде:                        040

Комиссиялық сыйақы шығыстары (821)                   041

Сақтау бойынша шығыстар (811/1)                      042

Сату бойынша шығыстар (811/2)                        043

Астық операцияларынан алынған кiрiс (залал)          050

Негiзгi емес қызметтен алынған кiрiс (залал)         060

Салық салынғанға дейiнгi әдепкi қызметтен            070

алынған кiріс (залал)

Кiрiс салығы (851)                                   080

Салық салынғаннан кейiнгi әдепкi қызметтен           090

алынған кіріс    

Төтенше жағдайлардан болатын кiрiс (залал)           100

Таза кiріс (залал)                                   110

---------------------------------------------------------------------

Басшы

Бас бухгалтер

                                                  Ережеге 5-қосымша    


              Астықтың мемлекеттік ресурстарымен байланысты
               операциялар бойынша ақшаның қозғалысы туралы

                   200 __ жылғы ________ арналған есеп

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

              Көрсеткiштердiң атауы             !  Жолдың N  !   Сомасы

---------------------------------------------------------------------

Кезең басындағы ақшаның қалдығы, оның ішiнде:        100

N 1 арнайы шотта                                     110

N 2 арнайы шотта                                     120

N 3 арнайы шотта                                     130

Ақшаның түсiмi, оның iшiнде:                         200

N 1 арнайы шотта                                     210

N 2 арнайы шотта                                     220

N 3 арнайы шотта                                     230

Ақшаның есептен шығарылуы, оның iшiнде:              300

N 1 арнайы шоттан сатып алуға                        310

N 3 арнайы шоттан сақтау жөнiндегi шығыстарды        320

төлеуге

N 2 арнайы шоттан аударылды:                         330

сатып алуға бөлiнген қаражаттарды аудару             331

жөнiндегi бюджет алдындағы мiндеттемелер

бойынша

таза кiрiстi аудару жөнiндегi бюджет алдындағы       332

мiндеттемелер бойынша

есептi кезеңнiң таза кiрiсiн аудару жөнiндегi        333

бюджетке төленетiн аванстық төлемде

ҚҚС                                                  334

төленуi тиiс табыс салығы                            335

комиссиялық сыйақыны төлеуге                         336

сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге                  337

сатумен байланысты қызметтердi төлеуге               338

басқа да есептен шығарулар                           339

Кезең аяғында ақша қаражатының қалдығы,              400

оның ішiнде:

N 1 арнайы шотта                                     410

N 2 арнайы шотта                                     420

N 3 арнайы шотта                                     430

---------------------------------------------------------------------

Басшы

Бас бухгалтер


                                                   Ережеге 6-қосымша

             Астықтың мемлекеттік ресурстарының қозғалысы туралы
                   200 __ жылғы ________ арналған есеп

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

Мемлекеттік  !  Есепті     !                    Түсімдер

ресурстардың ! кезеңнің    !-----------------------------------------------

түрлері      ! басындағы   ! Мемлекеттік  !  Тауарлық     !    Барлығы

             !мемлекеттік  ! ресурстарға  !  несиелердің  !

             !ресурстардың ! сатып        !  қайтарылғаны !

             !  қалдығы    ! алынғаны     !               !

             !-------------------------------------------------------------

             !саны  !сомасы!саны  !сомасы !саны  !сомасы  !саны  !сомасы

             !(мың  !      !(мың  !       !(мың  !        !(мың  !

             !тонна)!      !тонна)!       !тонна)!        !тонна)!

---------------------------------------------------------------------

      1      !   2  !   3  !   4  !   5   !   6  !    7   !   8  !    9  

---------------------------------------------------------------------

Азық-түлік

астығының

мемлекеттік

резерві 

Жемдік

астықтың

мемлекеттік

ресурстары

Тұқымдық

астықтың

мемлекеттік

ресурстары


Астықтың

мемлекеттік

сату    

ресурстары


Барлығы

---------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------

     Мемлекеттік ресурстардың есептен шығарылуы        ! Есепті кезеңнің

-------------------------------------------------------!    аяғындағы     

     Астықтың      !    Тауарлық     !     Барлығы     !   мемлекеттік    

    мемлекеттік    !    несиеге      !                 !  ресурстардың    

   ресурстарының   !    берілгені    !                 !     қалдығы    

     сатылғаны     !                 !                 !

---------------------------------------------------------------------

саны    ! сомасы  !  саны  ! сомасы !  саны ! сомасы  !  саны  !  сомасы

(мың    !         !  (мың  !        !  (мың !         !  (мың  !

тонна   !         !  тонна !        !  тонна!         !  тонна !

---------------------------------------------------------------------

    10   !    11   !    12  !   13   !   14  !    15   !   16   !   17    

---------------------------------------------------------------------

Басшы

Бас бухгалтер    


                                                   Ережеге 7-қосымша

                    Астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша
                    дебиторлық берешек туралы мәліметтер

                       200 __ жылғы ________ арналған

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

N!Шоттың!Дебиторлар !Талап !Бере. !Талап.!Төлеу!Талап.!Кезең.!Кезең.!Кезең.

!  N   !(атауы     !қоюға !шек   !тың   !мер. !тың   !нің   !дегі  !нің

!      !немесе аты !негіз !неден !туын. !зімі !бас.  !басын.!төлем !соңын.

!      !-жөні,     !болған!туын. !даған !     !тапқы !дағы  !      !дағы

!      !экспорттық !құжат.!дады  !күні  !     !сомасы!бере. !      !бере.

!      !операциялар!тың   !      !      !     !      !шек   !      !шектің

!      !кезінде    !N     !      !      !     !      !қалды.!      !қалды.

!      !мемлекеттің!және  !      !      !     !      !ғы    !      !ғы

!      !атауы      !күні  !      !      !     !      !      !      !

!      !көрсетіле. !      !      !      !     !      !      !      !

!      !ді)        !      !      !      !     !      !      !      !

---------------------------------------------------------------------

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________


Басшы

Бас бухгалтер


                                                   Ережеге 8-қосымша

                    Астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша
                    кредиторлық берешек туралы мәліметтер

                       200 __ жылғы ________ арналған

                                                         (мың теңге)

---------------------------------------------------------------------

N!Шоттың!Кредиторлар!Бере. !Бере. !Мін.  !Төлеу!Мін.  !Кезең.!Кезең.!Кезең.

!  N   !(атауы     !шектің!шек   !детте.!мер. !детте.!нің   !дегі  !нің

!      !немесе аты !туын. !не    !менің !зімі !менің !басын.!төлем !соңын.

!      !-жөні      !дауына!үшін  !туын. !     !бас.  !дағы  !      !дағы

!      !           !негіз !пайда !даған !     !тапқы !бере. !      !бере.

!      !           !болған!болды !күні  !     !сомасы!шектің!      !шектің

!      !           !құжат.!      !      !     !      !қалды.!      !қалды.

!      !           !тың N !      !      !     !      !ғы    !      !ғы

!      !           !және  !      !      !     !      !      !      !

!      !           !күні  !      !      !     !      !      !      !

---------------------------------------------------------------------

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Басшы
Бас бухгалтер