Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1620

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы:

"Дәрі-дәрмектер, медициналық  2936-2939, 2941, 3001-  Денсаулық 
техника (республика ізгілік   3004, 3006, 9013,       агенттігі"
көмек желісі бойынша импорт-  9018-9022
талатын медициналық техниканы
қоспағанда)
деген жол мынадай редакцияда
жазылсын:

"Дәрі-дәрмектер, медицинаға   2936-2939, 2941, 3001-  Қазақстан
арналған бұйымдар, медицина-  3004, 3006, 9013,       Республика.
лық техника (республикаға     9018-9022, (902111000,  сының
ізгілік көмек желісі бойынша  902119100, 902130900    Денсаулық
импортталатын медициналық     басқасы)                сақтау ісі
техниканы қоспағанда)                                 жөніндегі
                                                      агенттігі"

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының қабылданғаны туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Интеграциялық комитетін хабардар етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі