Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 17 тамыз N 1269

      "Астана қаласының 2000 жылға арналған арнайы экономикалық аймағының бюджетiн нақтылау туралы" Астана қаласы Мәслихатының 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 42/9-ІІ шешiмiн және "Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және клиникалық тиiмдiлiгiн оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзiрлеу және iске қосу бойынша қызмет көрсетулер берушiнi анықтау жөніндегi ашық конкурс өткiзу туралы" Астана қаласы Әкiмінің 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 3-1-305 өкiмiн назарға ала отырып бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай

бюджеттiк сыныптамасына:
     бюджет шығыстарының сынаптамасында:
     "5.9.254.52 Жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау объектiлерiн салу 
және күрделi жөндеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын:
     "5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және 
клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу 
және іске қосу".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Министр міндетін атқарушы
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.