Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердiң шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнен басқалары) лауазымдарының тізбесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 тамыз N 1263. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 593 қаулысымен. ~P020593

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 P000137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      1) "Бальзамдар физ.көлемі 50 теңге/ 1,7 евро/ (сыйымдылығы 0,I 1 литр 1 литр литрден кем тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес емдiк құрал ретiнде тiркелген бальзамдардан басқа) " деген жолдағы "сыйымдылығы 0,1 литрден кем тұтынушы ыдысына құйылған және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) жоғарыда көрсетiлген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының физ.көлемi 10 теңге/ 0,4 евро/ заңдарына сәйкес емдiк құрал 1 литр 1 литр ретiнде тiркелген бальзамдар ".
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары