Уран өнiмiнің экспорты туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 наурыздағы N 266 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 778 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1-қосымшада:
      "Алматы қаласы" деген жолда: "Әкімдер аппаратының саны (бірлік)" деген бағандағы "290" деген сан "291" деген санмен ауыстырылсын; "оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік)" деген бағандағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; 
      "Жиыны" деген жолда: "Әкімдер аппаратының саны (бірлік)" деген бағандағы "1350" деген сан "1351" деген санмен ауыстырылсын; "оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік)" деген бағандағы "64" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі