Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 шілде N 1052. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің қарамағынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мемлекеттiк басқарма органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъект функцияларын жүзеге асырушы органы болып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Еңбек" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 шiлдедегі N 1058 P991058_ қаулысына:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі