Павлодар облысындағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикаасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 763

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңының 8-бабына сәйкес, облыстың жергiлiктi бюджеттерi кiрiс бөлiгiнiң орындалмауына байланысты Павлодар облысындағы әлеуметтiк-экономикалық шиеленiстi бәсеңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Павлодар облысының облыстық бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алуларды жүзеге асыру 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейiн тоқтатыла тұрсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1162
               қаулысымен. P001162_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.18. N 1407
               қаулысымен. P001407_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2000 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз ету тәртiбiнiң 6-тармағына сәйкес, бюджеттiк алулар бойынша пайда болған жете төлемеушiлiк толығымен өндiрiлiп алынғанға дейiн Павлодар облысының

 

облыстық бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алуларды жүргiзсiн.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1162         

              қаулысымен. 


P001162_



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.18. N 1407         

              қаулысымен. 


P001407_




     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.