Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 677 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің заңнамада белгіленген тәртіппен 2000 жылдың 11 мамырына дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі" республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Мекеме) Астана қаласына көшіру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Астана қаласы әкімінің "Қалалық денсаулық сақтау басқармасының N 3 қалалық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің үйлерін, ғимараттарын, медициналық жабдықтары мен жарақтарын (бұдан әрі - Мүлік) Мекемеге беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының

әкімімен келісім бойынша, Мекемені орналастыру үшін, Мүлікті Астана қаласы

әкімінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау-беру

жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.