Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1386. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31. N 485 қаулысымен. ~P000485

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында қаулы етемін: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Бағдарламаны іске асыру үшін қажет қаражатты көздесін. 
      3. Министрліктер мен ведомостволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісті түрде және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуге бақылау жасау және оны үйлестіру Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті