"Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 355 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      өкімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын" деген сөздер алып тасталсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы ереженің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздер алып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев