Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 427 Өкімі

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; 2009 ж, № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Айтжанова                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы        даму және сауда министрі,

Джеймс Куигли            - «Делойт Туш Томацу» компаниясының бас
                           атқарушы директоры,

Джеральд Уэйн Грэнди     - «Саmесо» корпорациясының президенті және
                           бас атқарушы директоры,

Джон Харикен             - «The Royal Bank of Scotland Group plc»
                           GBM атқарушы комитетінің мүшесі және
                           бөлімшесінің бас атқарушы директоры,

Жақсылықов               - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Тимур Мекешұлы             технологиялар министрлігі Инвестиция
                           комитетінің төрағасы,

Зарир Дж. Кама           - HSBC тобы төрағасының орынбасары,

Коен Ванхарентс          - «Бейкер и Макензи Интернешнл»
                           компаниясының атқарушы комитетінің
                           мүшесі,

Саудабаев                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат  Бекмырзаұлы         хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                           істер министрі,

Финогенов                - «Еуразия даму банкі» АҚ-тың басқарма
Игорь Валентинович         төрағасы;

      мына:
«Исекешев                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әсет Өрентайұлы            сауда министрі»,

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары - Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар
                           министрі»,

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы          көмекшісі»;
      көрсетілген Кеңестің құрамынан Қ.У.Бишімбаев, М.М.Тәжин, Т.Б.Нұрашев, Джеймс Т. Хитч III, Леонард Блаватник, Коч Мустафа, сэр Ричард Эванс шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев