Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануы тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшысы;
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Қайрат Айтмұхамбетұлы істері агенттігінің төрағасы;
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әділ Шаяхметұлы комитетінің төрағасы
мына жол:
"Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, төраға"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі, төраға";
аталған Комиссияның құрамынан: Қ.Ш.Сүлейменов, А.С.Шабдарбаев шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
мына жол:
"Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, төраға"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрі, төраға";
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж, № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж, № 18, 180-құжат; 2004 ж, № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж, № 44, 578-құжат; 2006 ж, № 7, 51-құжат; 2007 ж, № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж, № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж, № 27-28, 234-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әділ Шаяхметұлы комитетінің төрағасы енгізілсін;
аталған Кеңестің құрамынан А.С.Шабдарбаев шығарылсын;
4) Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. "Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар аралығындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 276 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 496-құжат; № 49, 555-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |