Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 577 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға,

      Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі,

      Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

      мына жолдар:

      "Әбілхатаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Марат Кәрімұлы Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық

      басқармасы Құқық қорғау қызметі

      бөлімінің меңгерушісі",

      "Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Ерсұлтан Өтеғұлұлы Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау

      жұмысы және кадр саясаты

      басқармасы Кадр саясаты бөлімінің

      меңгерушісі"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әбілхатаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Марат Кәрімұлы Әкімшілігінің Құқық қорғау мен

      сот жүйелері мәселелері бөлімінің

      меңгерушісі",

      "Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Ерсұлтан Өтеғұлұлы Әкімшілігінің Кадр саясаты

      бөлімінің меңгерушісі";

      аталған комиссия құрамынан Б.Ә.Мұхаметжанов, Ғ.Р.Әбдірахымов шығарылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті