Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 14 қараша N 355. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.04.06. N 537 қаулысымен

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.28.  N 296  Қаулысымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:
      1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз;
      3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
      4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз. <*>
       Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.06. N  1276  қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі