"Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 21 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26931 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енігізлсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 232) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі