"Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 243 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12709 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:ә

      "

31.

0,5 литр

Нитрил тобы: ацетонитрил, ацетонцианогидрин, акрилонитрил, этиленцианогидрин, берзонитрил.

      "; 

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларына байланысты диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің бес рационына сәйкес жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде және түскі асқа үзілісте беріледі:

      № 1 рацион (күнделікті норма граммен):

Қара бидай наны

100

Қаймақ

10

Бидай ұны

10

Ірімшік

20

Картоп ұны

1

Сары май

20

Жармалар, макарондар

25

Өсімдік майы

7

Бұршақ

10

Картоп

160

Қант

17

Қырыққабат

150

Ет (даяр күйінде)

70

Көкөніс

90

Балық (даяр күйінде)

20

Томат-пюре

7

Бауыр (даяр күйінде)

30

Жаңа піскен жемістер

130

Жұмыртқа

3/4 д.

Мүкжидек (лимон)

5

Айран

200

Кептірілген нан

5

Сүт

70

Тұз

5

Сүзбе

40

Шай

0,4

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 59 грамм (бұдан әрі – г.), майлар – 51 г., көмірсулар – 159 г. Қуаттылығы – 1380 килокалорий (бұдан әрі – ккал.)

      № 1 рационның профилактикалық бағыт бауырдағы май алмасуын ынталандыратын және оның уытқа қарсы функциясын арттыратын липотропты заттармен (метионин, цистин, лецитин) қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша 150 миллиграмм (бұдан әрі – мг.) аскорбин қышқылы беріледі.

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      Ескертпе: Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері (№ 1 рацион) келесі өндірістерде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      1) уран мен торий радиоактивтік тұздар өндірісі (азотқышқылды уранил, сіркеқышқылды, күкіртқышқылды, хлорлы және көмірқышқылды, азотқышқылды ураниламмоний, уран тотықтары, азотқышқылды торий, сіркеқышқылды хлорлы, көмірқышқылды, қымыздыққышқылды, күкіртқышқылды және т.б.);

      2) тау-кен байыту комбинаттарында лопарит концентраты өндірісі:

      жер астындағы жұмыстар;

      жер үстіндегі жұмыстар;

      рудаларды байыту;

      3) лопарит концентратын өңдеу (зертханада);

      4) радиоактивті заттармен және ионды сәуле таратушы көздермен жұмыстар:

      уран мен торий рудаларын және концентраттарын өндіру және өңдеумен (жүк тиеу жұмыстары мен сақтауды қосқанда); уран, торий, тритий, радий, торий-228, радий-228, актиний-228, полоний, трансуран элементтері мен олардың тұздарын және қосылыстарын, кәсіпорындар мен тәжірибе өндірісі мен қондырғыларындағы уран мен торийдың бөліну өнімдерін өндіру және өңдеумен тікелей жұмыс істейтін жұмыскерлер;

      өндірістік, энергетикалық, көлік және тәжірибе-өндірістік ядролық реакторларында, қуаты 0,5 кВт рентген сәулесін тудыратын қондырғылармен тікелей айналысатын жұмыскерлер;

      жұмыс орындарында белсенділігі 1 милликюриден асатын нейтрон көздер (радий-бериллий, полоний-бериллий және өзге де ерекше жоғары радио уытты радиоактивті заттар негізіндегі нейтрон көздер) дайындаумен тікелей айналысатын жұмыскерлер;

      радий, торий-228, радий-228, актиний-228, ашық түрдегі полоний пайдаланылатын тұрақты әсері бар радиоактивтік жарық құрамын өндірумен тікелей айналысатын жұмыскерлер;

      жұмыс орнында көз белсенділігі 1 милликюриден жоғары болатын радий манациясын айырып алумен айналысатын жұмыскерлер;

      зертханалық және радий, торий-228, радий-228, актиний-228, полоний, плутоний, уран 233-235, стронций-90, цезий-137, церий-144, уранның ажырау өнімдерінің бөлінбеген қоспасын, трансуран элементтерін жұмыс орнында 1 милликюриден артық мөлшерде ашық түрде қолданатын басқа жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер.

      № 2 рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

150

Балық (даяр күйінде)

25

Қара бидай наны

-

Бауыр (даяр күйінде)

25

Бидай ұны

15

Сары май

15

Жармалар, макарондар

40

Сүт (айран)

200

Картоп

100

Ірімшік

25

Көкөніс

150

Жұмыртқа

1/4 д.

Көк бұршақ

10

Тұз

5

Томат-пюре

2

Шай

0,5

Қант

35

Дәмдеуіштер қажетіне қарай 1 г.

Өсімдік майы

13

Ет (даяр күйінде)

150

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 63 г., майлар – 50 г., көмірсулар – 185 г. Қуаттылығы – 1481 ккал.

      № 2 рационның профилактикалық сипаты ағзада әртүрлі химиялық қосылыстардың жиналуына жол бермейтін дәрумендер мен минералдардың, толық жануарлар ақуызының, полиқанықпаған май қышқылдарының және кальцийдің көздерін қосу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша:

      фтор қоспаларымен жұмыс істегенде – 2 мг. ретинол, 150 мг. аскорбин қышқылы;

      сілтілік металдармен, хлор және оның бейорганикалық қоспаларымен және азот тотықтарымен жұмыс істегенде – 2 мг. ретинол, 100 мг. аскорбин қышқылы; фосгенмен жұмыс істегенде – 100 мг. аскорбин қышқылы беріледі.

      № 2а рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны (II сорт ұн)

100

Сүт, айран, қатық

156

Қара бидай наны (қара бидай ұны)

100

Шай

0,1

Бидай ұны

6

Қант

5

Жарма (ақталған тары, қарақұмық, күріш)

15

Өсімдік майы

20

Картоп

120

Сары май

13

Көкөніс

274

Ет (даяр күйінде)

81

Жемістер мен шырындар

73

Бауыр, жүрек (даяр күйінде)

40

Кепкен жемістер

7

Қаймақ (майлығы 30%)

32

Сүзбе (майлығы 11%)

70

Тұз

4

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 52 г., оның ішінде малдың – 34 г., майлар – 63 г., оның ішінде өсімдік – 23 г., көмірсулар – 156 г., амин қышқылдары:

      триптофан – 0,6, метионин+цистин – 2,4, лизин – 3,2, фениалалин+тирозин – 3,5, гистидин – 1,2. Қуаттылығы – 1370 ккал.

      № 2a рационның профилактикалық бағыты зиянды өндірістік факторлардың аллергиялық әсерін арттыратын өнімдерді шектеулі пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша 100 мг. аскорбин қышқылы, 2 мг. ретинол, 15 мг. никотин қышқылы, 25 мг. витамин (метилметионинсульфоний хлориды), 150 мл. минералды суы беріледі.

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      Ескертпе: Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері (№ 2, 2 а рациондары) келесі өндірістерде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      1) күкiрт қышқылы өндiрiсi;

      2) сұйық хлор өндiрiсi;

      3) хлорлы әк өндiрiсi;

      4) хлорлы темiр өндiрiсі;

      5) хлорлы алюминий өндiрiсі;

      6) фосген өндiрiсі;

      7) бертолет тұзы өндiрiсі;

      8) фторлы натрий өндiрiсі;

      9) фторлы сутегі мен оның су ерітінділерінің өндiрiсі;

      10) калий тетрафторборат өндiрiсі;

      11) құрамында хромы бар шикізаттан күкіртті натрий өндірісі;

      12) таллий қолданумен монокристалл өндірісі;

      13) хлорпикрин өндiрiсі;

      14) фосген арқылы сірке ангидриді өндірісі;

      15) кетен арқылы сірке ангидриді өндірісі;

      16) құрамында хром бар рудаларды өндіру және өңдеу;

      17) құрамында фтор бар тұздар мен тұз-реактивтер өндірісі (кремний фтор сутекті алюминий, фторлы сусыз алюминий, кремний фтор сутекті калий, титан - аммоний, фторлы, титан фтор сутекті калий, фторлы магний-аммоний, кремний фтор сутекті натрий, тантал фтор сутекті калий, кремний фтор сутекті қышқыл, фторлы литий, фторлы натрий және фторлы калий):

      18) хром тұздары мен тұз-реактивтер өндірісі (азотты қышқыл хром, гидрат тотығы, күкіртқышқылды, хлорлы, сіркеқышқылды);

      19) теобромин, фенилацетамид, цианды бензил өндірісі;

      20) бериллий өндірісі (оның ішінде бериллий гидрототығы, бериллий тотығы, металл бериллий және одан жасалған бұйымдар өндірісіндегі жұмыстармен тікелей айналасатын жұмыскерлерге беріледі);

      21) темір никель және кадмий никель (сілтілік) аккумуляторлар өндірісі;

      22) алюминий термиялық тәсілмен металл хромды және құрамында хром бар қорытпалар өндірісі.

      № 3 рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

100

Картоп

100

Қара бидай наны

100

Дәмдеуіштер қажетіне қарай


Бидай ұны, макарон өнімдері

15

Томат-пюре

5

Жарма

35

Жемістер

100

Мал майы

10

Қант

35

Сүт және басқа ашыған сүт өнімдері

200

Тоң май

5

Сүзбе (майлығы 18%)

80

Ет (даяр күйінде)

100

Жұмыртқа

1/3 д.

Балық (даяр күйінде)

25

Бауыр (даяр күйінде)

20

Тұз

5

Көкөніс

160

Шай

0,5

      Көкөністі (термиялық өңдеуге жатпаған) салат, винегрет және т.б. түрлерінде беру міндетті.

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 64 г., майлар – 52 г., көмірсулар – 188 г. Қуаттылығы – 1466 ккал.

      №3 рационның алдын алу бағыт асқазан-ішек жолында қорғасынды байланыстыру, оны организмнен табиғи жолмен тез шығару және қандағы қорғасын концентрациясын төмендету үшін қажетті пектиннің мөлшерімен қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша 150 мг. аскорбин қышқылы, 2 г. пектин немесе 300 мл. жұмсағымен шырын.

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      Ескертпе: Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер (№ 3 рацион) керамикалық бояғыш заттар өндiрiсінде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер (№ 3 және 2, 2 а рациондарын апта сайын алмастырып отыру керек) келесі өндірістерде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      1) қорғасын глет және жоса өндірісі;

      2) қорғасын сары бояу өндірісі;

      3) қорғасын ақ бояу өндірісі;

      4) ветерилді мырыш ақ бояу өндірісі;

      5) қорғасын тұздары мен тұз-реактивтер өндірісі (хромқышқылды қорғасын, хлорлы қорғасын, екі тотықты қорғасын, темір қорғасын таяқшалары, йодты қорғасын, қымыздық қышқылды қорғасын, түйіршектелген қорғасын, қорғасын асқын тотығы, азотты қышқыл қорғасын, қорғасын тотығы, роданды қорғасын, күкіртқышқылды қорғасын, сіркеқышқылды қорғасын, күкіртті қышқылды қорғасын, қорғасын фталаты, көмірқышқылды қорғасын);

      6) қорғасын мен қалайы өндірісі:

      қорғасын мен қалайы рудаларын, концентраттарын (агломератты) балқыту, қорғасын, қалайы және құрамында қорғасын бар қорытпаларды тазарту;

      қорғасын-қалайы рудаларын байыту;

      7) мыс рудаларды, концентраттарды (агломератты) және құрамында қорғасыны бар басқа материалдарды балқыту және өңдеу;

      8) қорғасын (қышқыл) аккумуляторлары өндірісі.

      № 4 рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

100

Ет (даяр күйінде)

100

Қара бидай наны

100

Балық (даяр күйінде)

50

Бидай ұны

15

Сары май

15

Жарма, макарондар

15

Сүт (айран)

200

Картоп

150

Қаймақ

20

Көкөніс

25

Сүзбе

110

Томат-пюре

3

Жұмыртқа

1/4д.

Қант

45

Тұз

5

Өсімдік майы

10

Шай

0,5

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 65 г., майлар – 45 г., көмірсулар – 181 г. Қуаттылығы – 1428 ккал.

      №4 рационның алдын алу бағыт майларды, әсіресе ауыр еритін майларды (жануарлардан алынатын) шектеу арқылы қамтамасыз етіледі, себебі олар асқазан-ішек жолында фосфордың сіңуіне ықпал етеді.

      Рационға қосымша 150 мг. аскорбин қышқылы; мышьяк, фосфор, сынап пен теллурдың қоспаларымен жұмыс істейтіндерге – 4 мг. тиамин беріледі (жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу үшін).

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      № 4а рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

210

Жеміс, жидек, шырындар:


Бидай ұны

5

Алма

108

Қатырлақ нан

3

Өрік

34

Жарма:


Қант

8

Арпа

7

Өсімдік майы

12

Күріш

10

Ет

110

Вермишель

5

Сары май

7

Картоп

213

Сүт

57

Көкөніс:

242

Қаймақ

23

Қырыққабат

58

Сүзбе

50

Көк бұршақ

18

Жұмыртқа

1

Қызылша

48



Басты пияз

13



Сәбіз

88



Томат-паста

5



Дәмдеуіш-шөптер

12



      Химиялық құрамы мен қуаттығы: ақуыздар – 52 г., оның ішінде малдың – 26 г., майлар – 41 г., оның ішінде өсімдік – 15 г., көмірсулар – 206 г. Қуаттылығы – 1342 ккал.

      №4a рационның профилактикалық бағыты құрамында фосфордың артық мөлшері бар бірқатар өнімдерді шектеулі пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша 100 мг. аскорбин қышқылы және 2 мг. тиамин беріледі (жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу үшін).

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      № 4б рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

75

Алма

10

Қара бидай наны

75

Жеміс шырындары

60

Бидай ұны

16

Қант

15

Жарма (тары, күріш, қарақұмық және т.б.)

10

Өсімдік майы

13

Макарон өнімдері

8

Сары май

18

Картоп

170

Сиыр еті (даяр күйінде)

74

Көкөніс:


Тауық еті (даяр күйінде)

37

Қырыққабат

100

Бауыр (даяр күйінде)

20

Сәбіз

82



Қызылша

19

Балық (даяр күйінде)

40

Дәмдеуіш-шөптер

20



Шалғам, тұрып

12

Сүт

142

Қияр

10

Қаймақ

28

Басты пияз

27

Сүзбе

40

Жұмыртқа

10

Томат-пюре

8

Лимон

1

Шай

0,1

      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 56 г., оның ішінде малдың – 32 г., майлар – 56 г., оның ішінде өсімдік майы – 16 г., көмірсулар – 164 г., оның ішінде моно және дисахаридтар – 46 г., органикалық қышқылдар – 3,2 г., аминоқышқылдар; глютамин – 11,6, цистин+метионин – 2,2 г. Қуаттылығы – 1380 ккал.

      4б рационның профилактикалық бағыт метгемоглобинді қалпына келтіру процестерін жеделдету, метаболиттерді организмнен шығару процестерін жеделдету және бауырдың антиуытты функциясының жоғарылауына байланысты бензолдың амин және нитро қосылыстарымен улануды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша тиамин – 2 мг., рибофлавин – 2 мг., пиридоксин – 3 мг., ниацин – 20 мг., аскорбин қышқылы – 100 мг., токоферол – 10 мг., глютамин қышқылы – 500 мг. беріледі.

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      Диеталық емдік және диеталық профилактикалық амақтануға арналған тамақ өнімдер (№ 4, 4а, 4б рациондары) келесі өндірістерде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      1) фосфор қышқылы өндiрiсi;

      2) фосфорлы кальций өндiрiсi;

      3) фосфорлы ангидрид өндiрiсі;

      4) сары және қызыл фосфор өндiрiсi;

      5) балқытылған фосфорлы шлактан жасалатын құрылыс заттарының өндiрісі (ұсақ тас, пемза, мақта және т.б.);

      6) бес күкiрттi фосфор өндiрiсi;

      7) металл фосфидтерi өндiрiсi (мырыш, мыс және басқа);

      8) суперфосфат, фторсыздалған фосфат, күрделi-аралас және күрделi тыңайтқыштар өндiрiсi;

      9) аммофос өндiрiсi;

      10) үшхлорлы фосфор және хлортотық фосфор өндірісі;

      11) екi тотық хлор өндiрiсi;

      12) кальций карбид өндiрiсі;

      13) теллур өндiрiсі;

      14) селен өндірісі - құрамында селен бар шламдарды байыту;

      15) ванадий бес тотығы негізінде катализатор өндірісі;

      16) аэросил өндiрiсі;

      17) ақ күйе өндiрiсі;

      18) техникалық асбест заттар өндірісі (тоқыма цехтары);

      19) бейорганикалық өнімдер. Натрий монохроматы, хромдық ангидрид, хромдық илегіш, калий және натрий хромпигі, хром тотығы өндірісі, жерасты суларын хромнан тазарту;

      20) хлорбензол, дихлорбензол, трихлорбензол, тетрахлорбензол, гексахлорбензол өндірісі;

      21) эпирхлоргидрин өндiрiсі;

      22) диносеб гербициді өндірісі;

      23) бензолдан, хлорбензолдан және бензолдың басқа туындыларынан фенол өндірісі;

      24) таза ванадий бестотығында фталды ангидрид өндірісі (қойыртылған катализаторда);

      25) төртхлорлы көміртегі өндiрiсі;

      26) дихлорэтан өндiрiсі;

      27) үшхлорэтан өндiрiсі;

      28) гексахлорэтан өндiрiсі;

      29) фенилэтил спирт өндiрiсі;

      30) гербицид өндiрiсі;

      31) өндіріс жабық ғимаратта болғанда ғана этилбензол өндірісі;

      32) аралас улағыштар өндірісі;

      33) этил сұйықтығының өндiрiсі;

      34) хлорпарапин өндiрiсі;

      35) пенапоропласт өндiрiсі;

      36) стирол, альфаметилстирол, дивинилстирол каучуктер мен латекстер, дивинилметилстирол, хлорпрен каучук, ацетилен (табиғи газдан) өндірісі;

      37) бутилкаучук өндірісі (хлорлы метил ортада);

      38) хлорвинил, оның негізінде сополимерлер, полихлорвинил шайыр өндірісі;

      39) талшықты және асбест прессматериалдар өндірісі;

      40) техникалық бензил спирті өндiрiсі;

      41) контактілі қалыптау әдісімен және механикалық тәсілмен шыны пластиктер өндірісі;

      42) апатит-нефелин рудаларды өндіру және өңдеу;

      43) құрамында фосфор бар тұздар және тұз-реактивтер өндірісі (фосфорлыватисті қышқыл аммоний, екі рет қосылған фосфорлы қышқыл барий, бесхлорлы фосфор);

      44) аэрофлоттар өндірісі (ксиленондық, крезолдық, калийбутилдық);

      45) аминөнімдер-реактивтер өндірісі (п-аминоацетофенон, аминоазо-бензол-пара, амидол, аминофенол-пара негізі, аминофенол-мета мен орто, анизидин-пара, тұз қышқылды анилин, антразо, тиоглеколь қышқылды анилид, ацетил-дифениламин, бензиламин, бутиламин, диазоаминобензол-пара, ортодианизидин, диметиламиноазобензол-пара, диметиламинобензальдегид-пара, тұз қышқылды диметилпарафенилендиамин, тұз қышқылды диметиланилин, дипикриламин, диэтиламин және оның тұздары, 2, 6-дихлорфенолиндифенолин, диэтиламин және оның тұздары, нитродифениламин, пропиламин, сульфанил қышқылы, стильбазо, толуидин тионалид, триптофан, фенилгидразин негізі, тұз қышқылды фенилгидразин, фенилендиамин-пара және оның тұздары, тұз қышқылды этиламин, дитиоанилин, азобензол, анилин, күкіртқышқылды анилин, сіркеқышқылды анилин, күкіртқышқылды аминофенол-пара, диметиланилин, дифенил-несеп, тұз қышқылды диметиламин, тұз қышқылды метиламин, альфанафтиламин, бетанафтохинон, альфанафтохинон, толидин-орто, толуидин-орта, -мета, -пара, толуилендиамид-мета, тұз қышқылды фенилгидразин, толуидин, хлоргидрат, стильбен, ацетнафталид-альфа, ацетофенон, бензо-хлор-2, 4-дихлоранилид, диметилпарафенилендиамин сульфат, барий және натрий ифениламиносульфонаты, дифенилкарбазид, диэтилпарафенилендиамин сульфаты, 2, 6-дибромфенолиндофенол, дибромфенилгидразин, дибутиламин, диметглиоксим, фенилгидрооксиламин, купферон);

      46) промедол, фенацетин, аминазин, пропазин өндірісі;

      47) нитрохлоракридин, аминохинол, трихомонацид, азидин, димеколин мен фосфакол фепраноны, армин және миотикалық дәрілер ерітінділерінің өндірісі;

      48) оксиметил қоспасының өндірісі;

      49) наганин, карбохолин, прозерин өндірісі;

      50) ампуладағы медициналық хлорэтил өндірісі;

      51) кутизон өндірісі;

      52) сынап өндірісі;

      53) экономиканың қорғасын мырыш және мыс саласында, кендер немесе жыныстар құрамында 10 пайыз және одан да көп бос кремний екі тотығы бар кендерде (шахталарда) жер астында тау-кен қазу, дайындау және тазалау жұмыстары;

      54) экономиканың қорғасын мырыш және мыс саласындағы кендер мен шахталарында құрамында кремний екі тотығы 10 пайыздан артық болған кендерді өндіру және өңдеу:

      жер астындағы тау-кен жұмыстары;

      рудаларды өңдеу;

      55) сынап толтырылған газдан айыру құралдары және сынап түзеткіштер өндірісі;

      56) арнайы химия ток көздері өндірісі (сынап, қорғасын және олардың қоспаларын пайдаланумен байланысты жұмыстарда);

      57) фенолоформальдегид, анилиноформальдегид, полиэфирноэпоксид, полиэфиримидоэпоксид лактар, шайыр және компаунд өндірісі;

      58) қабатты пластиктер, орауыш заттар мен профильді пластиктер өндірісі;

      59) миканиттер, слюдопластар, слюдоониттер және кремний органикалық, полиэфирэпоксид және полиэфиримидоэпоксидтағы жұқа шыны мата;

      60) жоғары атмосфералық қысым жағдайындағы жұмыстар:

      кессондардағы жұмыстармен тікелей айналысатын барлық жұмыскерлер, инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен қызметшілер;

      жеңіл жабдықталған құтқарушы қызметі сүңгуірлерінен басқа су астындағы-техникалық, құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарымен айналысатын сүңгуірлер;

      теңіз өнімдерін (трепанг, мидий, балдырлар және басқа) шығарумен айналысатын сүңгуірлер;

      емдеу барокамераларында тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер және инженерлік-техникалық жұмыскерлер;

      61) болат балқыту және ферроқорытпа өндірісі.

      Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері (№ 3 және 4 рациондарын апта сайын алмастырып отыру керек) электр көмір заттар өндiрiсінде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерлерге беріледі.

      № 5 рацион (күнделікті норма граммен):

Бидай наны

100

Ет (даяр күйінде)

100

Қара бидай наны

100

Балық (даяр күйінде)

35

Бидай ұны

3

Бауыр (даяр күйінде)

25

Жарма мен макарондар

20

Сары май

17

Картоп

125

Сүт (айран)

200

Көкөніс

100

Қаймақ

10

Томат-пюре

2

Сүзбе

35

Қант

40

Жұмыртқа

1

Өсімдік майы

15

Тұз

5

Шай

0,5



      Химиялық құрамы мен қуаттылығы: ақуыздар – 58 г., майлар – 53 г., көмірсулар – 172 г. Қуаттылығы – 1438 ккал.

      №5 рационның профилактикалық бағыты жүйке жүйесі мен бауырды қорғауға арналған өнімдерді қосу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Рационға қосымша 150 мг. аскорбин қышқылы және 4 мг. тиамин беріледі (жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу үшін).

      Ол диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құрамында үшінші тағамдар (антиоксиданттар мен дәрумендер қамтылған, детоксикациялық қасиеттері бар сусындар) түрінде беріледі.

      Ескертпе: Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері (№ 5 рацион) келесі өндірістерде негiзгi технологиялық процеспен, жөндеу және жабдықтарға қызмет көрсетумен толық жұмыс күні айналысатын жұмыскерлер мен шеберлерге беріледі:

      1) хлорлы барий өндiрiсі;

      2) хром және марганец негізіндегі катализаторлар өндірісі;

      3) жасанды марганец қос тотығының өндірісі;

      4) қалайы органикалық қоспалар өндірісі;

      5) экстралин өндiрiсі;

      6) керосин пиролизы, пирогаз бөлу және тазарту өндірісі;

      7) хлорлы этил, трихлорэтилен мен изопропил спирт өндірісі;

      8) этилен тотығы және оның туындылары этилцеллозольва, хлорекс, этиленгликоль өндірісі;

      9) ацетальдегид өндiрiсі;

      10) синтетикалық, дивинилнитрил, полизопрен және полибутадиен каучук (СКБ, СКН, СКИ-3, СКД) өндірісі;

      11) полиизобутилен өндiрiсі;

      12) химиялық талшықтар өндiрiсі;

      13) құрамында бериллий бар тұздар және тұз-реактивтер өндірісі (азотқышқылды бериллий, бериллий тотығы, күкірттіқышқыл бериллий, көмірқышқылды бериллий, сіркеқышқылды бериллий, хлорлы бериллий, фторлы бериллий, фторлы аммоний бериллаты);

      14) марганец тұздары мен тұз-реактивтер өндірісі (көмірқышқылды марганец, асқын тотық, қостотық, азоттықышқыл, күкіртқышқыл);

      15) үш фторлы бор мен оның негізіндегі өнімдер өндірісі;

      16) гальваникалық элементтер және батареялер өндірісі, марганец рудасын өңдеу және агломераттар дайындау.";

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер таңертеңгі ыстық тамақ мәзірін тарату рациондар бойынша диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер таңертеңгі ыстық тамақтың шамамен алты күндік мәзірін тарату негізінде осы Нормаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі:";

      қөрсетілген нормаларға 1-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормаларына 1-қосымша";

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін таңертеңгі асын даярлау кезінде азық-түлікті өзара алмастыру нормалары"

      қөрсетілген нормаларға 2-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормаларына 2-қосымша"

      № 1 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 1 рацион диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 2 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 2 рацион бойынша диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 3 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 3 рацион бойынша диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 4 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 4 рацион бойынша диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      № 5 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 5 рацион бойынша диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі";

      қөрсетілген нормаларға 3-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін беру нормаларына 3-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
А. Ертаев