"Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 27 шiлдедегi № 835 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:

      "Жалпыәскери азық үлесі" деген 1-нормаға ескертпенің 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "Инженерлік-техникалық құрамға арналған азық үлесі" деген 2-нормаға ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "1500 метр және одан жоғары биіктіктегі биік таулық азық үлесі" деген 4-нормаға ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі" деген 5-нормаға ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "Ұшқыш азық үлесі" деген 10-нормаға ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "Теңiз азық үлесі" деген 11-нормаға ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.";

      "Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы" деген 17-нормада:

      ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;";

      "Десанттық-шабылдау әскеріне арналған жеке тамақтандыру рационы" деген 18-нормада:

      ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 5-норма бойынша жабдықталатын әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі