"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | С. Жақыпова |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 421 бұйрығымен бекітілген |
"Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру" кәсіптік стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру" кәсіптік стандарт (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін сертификаттау үшін материалдар әзірлеуге, ұйымдарда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
Кәсіптік стандарт пайдаланушылар үшін:
1) жұмыскерлермен – зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кәсіби қызметке қойылатын талаптарды түсіну, өзінің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруды жоспарлау, сондай-ақ бейіндік бағыт бойынша мансаптық ілгерілеуді болжау үшін;
2) жұмыс берушілермен – зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кәсіби қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, Еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды жаңарту, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемшарттарды қалыптастыру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, ілгерілету және ротациялау бағдарламаларын жасау үшін;
3) білім беру және оқу орындарымен – зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мамандарды даярлау, бейіндік бағыттардың басшылары мен мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы оқытушылар мен сарапшыларды кәсіптік қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын айқындау үшін;
4) сертификаттау және біліктілік беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен (органдармен) – персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеу және сәйкестік деңгейі бойынша жұмыскерлердің біліктілік өлшемдерін әзірлеу үшін;
5) мемлекеттік органдармен – еңбек нарығын мониторингілеу және болжау үшін критерийлер ретінде кәсіптік стандартты пайдалану үшін қолданылады.
Осы кәсіптік стандарттың негізінде ұйымдар өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып, кәсіптік білім беру деңгейін, еңбек функцияларының, білімдері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, жұмыскерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;
2) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлем алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
3) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
4) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білімдер мен машықты қолдану қабілеті;
5) зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымы төлейтін сақтандыру төлемдерінің жиынтығы;
6) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
7) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
8) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
9) машық – кәсіби тапсырма шеңберінде жеке дара іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
10) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
11) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – ұлттық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін және орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, іскерліктер мен құзыреттердің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды Экономикалық қызмет түрінде жіктейтін құжат;
12) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттермен қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;
13) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі бар (мақсаты, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
14) информалды білім беру – білім беру ұйымдары мен білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжатты берумен сүйемелденбейтін білім беру түрі;
15) формалды емес білім беру – оқу орнын, мерзімдері мен нысанын есепке алмай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжатты берумен сүйемелденетін ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын білім беру түрі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
2) БА– біліктілік анықтамалығы;
3) МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
4) МБА – мүгедектігі бар адамдар;
5) ЭҚЖС – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру.
5. Кәсіптік стандарттың коды: K65301002.
6. ЭҚЖС секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
К қаржы және сақтандыру қызметі;
65 Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
65.3 Зейнетақымен қамсыздандыру;
65.30 Зейнетақымен қамсыздандыру;
65.30.1 Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы:
Осы кәсіптік стандарт "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі қағидаларға сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 33401 болып тіркелген).
Осы кәсіптік стандарт мынадай лауазымдарды көздейді: санаттар бойынша біліктілігі орта және жоғары деңгейдегі зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға ұйым және құрылымдық бөлімшелер басшылары.
Осы кәсіптік стандартқа туынды лауазымдар енгізілмеген: басшылардың орынбасарлары, аға, жетекші және бас мамандар, олардың міндеттері, білімдері, іскерліктері мен дағдылары базалық лауазымдар негізінде айқындалады және ұйымдағы штаттық нормативтер мен кестелер негізінде белгіленеді. Аға, жетекші және бас мамандардың қажетті жұмыс өтіліне қойылатын талаптар I біліктілік санатындағы мамандар үшін көзделген талаптармен салыстырғанда 2-3 жылға артады.
Осы кәсіптік стандарт мыналарды қамтиды:
кәсіби топ:
өндіріс және мамандандырылған сервистік қызметтер саласындағы корпоративтік сектордағы мамандандырылған бөлімшелердің басшылары басқарушылары;
кәсіби кіші топ:
әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мамандандырылған бөлімшелердің басшылары (басқарушылары);
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметшілер.
"Білім" бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімге қойылатын талаптармен қатар, жұмыскерлер: ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормаларды, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру және ұстау тәртібін білуі тиіс.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
1) зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман – СБШ бойынша 4-6 деңгейлер (кіші деңгейлер: санатсыз, 1, 2 және жоғары санатсыз);
2) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (басқармасының, бөлімшесінің, бөлімінің) басшысы-8-3-1 (жоғары білім және тәжірибе) СБШ деңгейі;
3) зейнетақымен қамсыздандыру ұйымының (қызметінің) басшысы – 8.2.-1 (жоғары білім және тәжірибе) СБШ деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
Ескерту. Кәсіптер карточкаларына өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2026 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман кәсібінің карточкасы | ||||||||
Топтың коды: | 3350-0 | |||||||
Қызмет атауының коды: | 3350-0-010 | |||||||
Кәсіптің атауы: | Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман | |||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: |
4 – санат жоқ; | |||||||
БТБА, КС және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ экономист: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және I санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 650-тармағы, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді). | |||||||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру: | |||||||
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Біліктілігі орта деңгейдегі маман: Санатсыз – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; екінші санат – біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; бірінші санат – біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; жоғары санат – біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. | |||||||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: |
Білім беру ұйымының базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелері бойынша оқыту; | |||||||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 3350-0-009 әлеуметтік қорғау ұйымдарының маманы | |||||||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру | |||||||
Еңбек функцияларының сипаттамасы | ||||||||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша құжаттарды өңдеу. | ||||||
Қосымша еңбек функциялары: | ||||||||
1- еңбек функциясы: зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша құжаттарды өңдеу | 1 - дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алушылар өтініштерін қалыптастыру және өңдеу | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер алушылардың іс макетін қалыптастыру үшін құжаттарға алғашқы тексеру және талдау жүргізу. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - дағды: МБА-ға зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер төлеу сұрақтары бойынша консультациялық көмек көрсету | Машықтар: | |||||||
1. МБА байланыс орнату. 2. Әлеуметтік төлемдерді төлеу және алу мәселелері бойынша кеңес беру және түсініктеме беру. 3. Қақтығыстарды басқару. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - еңбек функциясы: тағайындалған зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді нақты есепке алуды қамтамасыз ету | 1 - дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер сомаларының артық төленуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз ету. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің негіздері. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Жауапкершілік Адалдық Стресске төзімділік Қарым-қатынас Ізгі ниет Этикалық | |||||||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | ||||||||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ деңгейі: | Мамандық атауы: | ||||||
5 | Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман | |||||||
10. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман кәсібінің карточкасы | ||||||||
Топтың коды: | 3350-0 | |||||||
Қызмет атауының коды: |
3350-0-010 | |||||||
Кәсіптің атауы: | Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман Зейнетақы активтерін есепке алу және есеп беру маманы Жұмыспен қамту және әлеуметтік - еңбек мәселелері жөніндегі экономист | |||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | Орта білімнен кейінгі білім 5.3. – жоғары санатты | |||||||
БТБА, КС және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Біліктілігі орта деңгейдегі маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта білімнен кейінгі білім және I санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 650-тармағы, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген). | |||||||
Кәсіптік білім деңгейі: | Мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру: 0500000 – Қызмет, экономика және басқару 0519000 – Экономика (салалар бойынша) 0519000 – Қолданбалы экономика бакалавры | |||||||
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Біліктілігі орта деңгейдегі маман: жоғары санат – біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; қолданбалы экономика бакалавры – мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. | |||||||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: | Білім беру ұйымының базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелері бойынша оқыту; "skills.enbek.kz" платформасында кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстары. | |||||||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 3350-0-009 әлеуметтік қорғау ұйымдарының маманы | |||||||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру | |||||||
Еңбек функцияларының сипаттамасы | ||||||||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: | 1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша құжаттарды өңдеу. 2. Тағайындалған зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді нақты есепке алуды қамтамасыз ету. | ||||||
Қосымша еңбек функциялары: | ||||||||
1- еңбек функциясы: зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша құжаттарды өңдеу | 1-дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алушылар өтініштерін қалыптастыру және өңдеу | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер алушылардың іс макетін қалыптастыру үшін құжаттарға алғашқы тексеру және талдау жүргізу. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - дағды: МБА-ға зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер төлеу сұрақтары бойынша консультациялық көмек көрсету | Машықтар: | |||||||
1. МБА байланыс орнату. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - еңбек функциясы: тағайындалған зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді нақты есепке алуды қамтамасыз ету | 1 - дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер сомаларының артық төленуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз ету. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Жауапкершілік Адалдық Стресске төзімділік Қарым-қатынас Ізгі ниет Этикалық | |||||||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | ||||||||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ деңгейі: | Мамандық атауы: | ||||||
6 | Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман | |||||||
11. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі маман кәсібінің карточкасы | ||||||||
Топтың коды: | 2413-9 | |||||||
Қызмет атауының коды: | 2413-9-005 2631-0-017 | |||||||
Кәсіптің атауы: | Зейнетақы активтерін есепке алу және есеп беру маманы Жұмыспен қамту және әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі экономист | |||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: |
6 – санат жоқ; | |||||||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: санаты жоқ экономист: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жұмыс өтіліне талаптар қоймай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; II санатты экономист: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; I санатты экономист: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санатты экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 650-тармағы, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген). | |||||||
Кәсіптік білім деңгейі: | Жоғары білім (бакалавриат): 6В03 – Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат 6В031 – Әлеуметтік ғылымдар 6В04 – Бизнес, басқару және құқық 6В041– Бизнес және басқару (экономика) 6В11 – Қызметтер 6В114 – Әлеуметтік жұмыс | |||||||
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: санат жоқ: жұмыс өтіліне қойылатын талаптар жоқ; II санатты: экономист лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; | |||||||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: |
Білім беру ұйымының базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелері бойынша оқыту; | |||||||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | 2631-0-004 инженер-экономист 2631-0-014 экономист (жалпы профиль) | |||||||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру | |||||||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | ||||||||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі құжаттарды өңдеу бойынша бақылау. | ||||||
Қосымша еңбек функциялары: | ||||||||
1 - еңбек функциясы: зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі құжаттарды өңдеу бойынша бақылау |
1 - дағды: | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер алушылардың іс макетін қалыптастыру үшін құжаттарға алғашқы тексеру және талдау жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асыру. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - дағды: МБА зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер төлеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету | Машықтар: | |||||||
1. МБА байланыс орнату. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - еңбек функциясы: тағайындалған зейнетақылардың, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің дұрыс есебін қамтамасыз ету бойынша бақылау | 1 - дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді төлеуді есепке алу және бақылау | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер сомаларының артық төленуіне жол бермеу бойынша бақылауды жүзеге асыру, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз ету. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Басқа адамдарға оң әсер ету Өзін-өзі бақылау Ұстамдылық Эмпатия | |||||||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | ||||||||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ деңгейі: | Мамандық атауы: | ||||||
8.3.-1 (8.3.-2, 8.3.-1, 8.3.-4) | Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы | |||||||
12. Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (басқармасының, бөлімшесінің, бөлімінің) басшысы кәсібінің карточкасы | ||||||||
Топтың коды: | 1344-0 | |||||||
Қызмет атауының коды: | 1344-0-001 | |||||||
Кәсіптің атауы: | Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (басқармасының, бөлімшесінің, бөлімінің) басшысы | |||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: |
8.3.-1 республикалық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы; | |||||||
БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Әлеуметтік қорғау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) бастығы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, заңгерлік) және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында немесе тиісті бейіндегі лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 16057 болып тіркелген). | |||||||
Кәсіптік білім деңгейі: | Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім (әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, заңгерлік) | |||||||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: |
Білім беру ұйымының базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелері бойынша оқыту; | |||||||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | - | |||||||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі қызметтерді (жұмыстарды) ұйымдастыру | |||||||
Еңбек функцияларының сипаттамасы | ||||||||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, бөлімше, бөлім) өндірістік қызметіне басшылық жасау, қызметін жоспарлау және бақылау. | ||||||
Қосымша еңбек функциялары: | ||||||||
1 - еңбек функциясы: зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, бөлімше, бөлім) өндірістік қызметіне басшылық жасау, қызметін жоспарлау және бақылау | 1- дағды: зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жалпы басшылық ету және ұйымдастыру | Машықтар: | ||||||
1. Перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын қалыптастыру. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - дағды: консультациялық қызмет көрсету МБА-ға зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу мәселелері бойынша көмек көрсету | Машықтар: | |||||||
1. МБА-мен байланыс орнату. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - еңбек функциясы: зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, бөлімше, бөлім) шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау | 1 - дағды: қарым-қатынас дағдылары, тұлғааралық қатынастар және бағыныштылардың мотивациясы, бағыныштылардың өкілеттіктерін бере білу | Машықтар: | ||||||
1. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесін ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдау. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Көшбасшылық Стратегиялық ойлау Жеке ұйымшылдық және өз еңбегінің жоғары мәдениеті Күштерді бөлу қабілеті Нәтижеге назар аудару Тәлімгерлік Күтпеген жағдайларда өзін-өзі ұстау қабілеті Энергия Бастама | |||||||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | ||||||||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ деңгейі: | Мамандық атауы: | ||||||
8.2.-1 (8.2.-2, 8.2.-3., 8.2.-4) | Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы | |||||||
13. Зейнетақымен қамсыздандыру қызметінің басшысы кәсібінің карточкасы | ||||||||
Топтың коды: | 1344-0 | |||||||
Қызмет атауының коды: | 1344-0-005 | |||||||
Кәсіптің атауы: | Зейнетақымен қамсыздандыру қызметінің басшысы | |||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: |
8.2.-1 республикалық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы; | |||||||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымның тиісті бейініндегі Экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдарда мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының "Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директоры, вице-президенті)" 69-параграфы 215-тармақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген). | |||||||
Кәсіптік білім деңгейі: | Жоғары білім (әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, заңгерлік) және жұмыс тәжірибесі | |||||||
Формалды емес және информалды біліммен байланыс: |
Білім беру ұйымының базасында біліктілікті арттыру курстары немесе ұйымда (кәсіпорында) зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелері бойынша оқыту; | |||||||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | Ұйымның директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) | |||||||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымдастыру | |||||||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | ||||||||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау. | ||||||
Қосымша еңбек функциялары: | ||||||||
1 - еңбек функциясы: құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау | 1- дағды: құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылық жасау және бақылау | Машықтар: | ||||||
1. Құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық жасау және жұмыс нәтижесіне жауапты болу. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - дағды: зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру | Машықтар: | |||||||
1. Зейнетақы, жәрдемақы алушылардың саны және оларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты талдау. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
2 - еңбек функциясы: зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу жұмысын ұйымдастыру | 1 - дағды: зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеуді қамтамасыз ету | Машықтар: | ||||||
1. Зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
2- дағды: консультациялық қызмет көрсету МБА-ға зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер төлеу мәселелері бойынша көмек көрсету | Машықтар: | |||||||
1. МБА-мен байланыс орнату. | ||||||||
Білімі: | ||||||||
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. | ||||||||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | ||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Нәтижеге назар аудару Күтпеген жағдайларда өзін-өзі ұстау қабілеті Табандылық Өз әрекеттері мен қабылданған шешімдері үшін жауапкершілік Энергия Бастама Әдептілік | |||||||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | ||||||||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ деңгейі: | Мамандық атауы: | ||||||
8.1.-1 (8.1.-2, 8.1.-3., 8.1.-4) | Ұйым басшысы | |||||||
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
14. Мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
басшы: Тюлюбаева Қорлан Абайқызы, телефон нөмері: +7(7172) 75-07-11, электрондық пошта: k.tyulyubaeva@enbek.gov.kz;
орындаушы: Бейсенбаева Фарида Амангелдіқызы, телефон нөмері: +7(7172) 74-37-80, электрондық пошта: f.beisenbaeva@enbek.gov.kz.
15. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): -.
16. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 4 хаттама.
17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2023 жылғы 1 желтоқсандағы қорытынды.
18. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 13 желтоқсандағы қорытынды.
19. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1-нұсқа, 2024 жыл.
20. Болжамды қайта қарау күні: 2026 жылғы 31 желтоқсан.