"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" м

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 701 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің 29.09.2023 № 17 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия жəне инфрақұрылымдық
даму министрі
Қ. Өскенбаев

  Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 70 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеуші, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      9. Комитеттiң толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитет заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін оны пайдаланушылардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қауіп төндірмей ұшуды орындау;

      4) әуе кеңістігін пайдалану және ұшуды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;

      5) Қазақстан Республикасының экономика және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      құқықтары:

      1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндірмелер мен материалдарды сұратуға;

      2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысы мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) Комитеттің және оның аумақтық органының ұшуға рұқсаты бар азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, мұндай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды асыруға құқылы.

      Міндеттеріне:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңда қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ол туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;

      7) белгіленген мерзімде Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

      8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.

      15. Функциялары:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, азаматтық авиацияға қатысты ақпаратпен және тәжірибемен алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      5) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген, әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

      9) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      10) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мәніне бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

      11) әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      13) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      14) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      16) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      17) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      18) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      19) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      20) әуе көлігін пайдалануға қатысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығынан мiндеттi сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;

      21) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды бекіту, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару;

      22) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді және аккредиттеу туралы куәлікті беруді, сондай-ақ ондай куәлікті беруден бас тартуды жүзеге асыру; 23) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      24) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуге рұқсат етiлмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiн қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарды беру;

      25) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты емес (бiр жолғы) ұшуларды орындауына рұқсаттар беру;

      26) iшкi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауды келiсу;

      27) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық және субсидияланатын (облыс ішіндегілерді қоспағанда) авиамаршруттарға куәлiктер беру;

      28) Шетел пайдаланушының Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонумен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру

      29) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері бекіту;

      30) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту

      31) шет мемлекеттердiң әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнiмдердi тасымалдау үшiн азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының халықаралық ұшуын келiсу және өз құзыреті шегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен келісу;

      32) авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешім қабылдау, рұқсат беруден бас тарту, бұрын берілген рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу;

      33) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауына мемлекеттiк реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      34) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;

      35) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан алып тастау қажеттілігі туралы қорытындыны қалыптастыру және осындай қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;

      36) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар енгізу;

      37) тиісті табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілеу;

      38) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде мұндай нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда реттеуді енгізу;

      39) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;

      40) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілері, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайларда оларға орындалуы міндетті нұсқамалар, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы нұсқамалар енгізу;

      41) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге бастамашылық жасау;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      43) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасау;

      44) тағайындалатын оңалтуды басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiсу;

      45) өз құзыреті шегінде белгіленген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;

      46) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау;

      47) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеу;

      48) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитындардан басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстыру;

      49) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      50) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      51) шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асыру;

      52) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзу жағдайлары мен кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту фактілері туралы ақпарат беру;

      53) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      54) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелер) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      55) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      56) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыру;

      57) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;

      58) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;

      59) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою;

      60) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;

      61) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      62) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері осы салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсыныстар енгізу;

      63) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобаның) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

      64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;

      65) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      66) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын әзiрлеу;

      67) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;

      3) еңбек қатынастарының мәселесі жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) іссапарлар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйақылар беру, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      5) Комитеттің атынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;

      6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;

      8) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар белгіленген жағдайда бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      13) оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитет заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы.

  Бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 70 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Өңіраралық инспекция) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұшу қауіпсіздігі саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

      2. Өңіраралық инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Комитеттің бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметiн жүзеге асырады.

      3. Өңіраралық инспекция мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Өңіраралық инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Өңіраралық инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Өңіраралық инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Өңіраралық инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Өңіраралық инспекция құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Өңіраралық инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көш., 38 "А".

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Межрегиональная инспекция по безопасности полетов Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Өңіраралық инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Өңіраралық инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Өңіраралық инспекцияға кәсіпкерлік субъектілерімен Өңіраралық инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Өңіраралық инспекцияға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Өңіраралық инспекцияның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      2) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      құқықтары:

      1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндіру мен материалдарды талап ету;

      2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысын және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтар қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) Өңіраралық инспекцияның мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшуға рұқсаты бар лауазымды тұлғалары өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, ондай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға құқылы;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге құқықтарға ие болу.

      Міндеттері:

      1) оған жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, заңды және жеке тұлғалардың заңда қорғалатын мүдделерін және құқықтарын сақтау;

      3) өз құзыреті және заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік органдарынан ресми сұрау салу болған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      4) оның теңгеріміндегі мемлекеттік жеке меншіктің сақталуын қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Өңіраралық инспекцияның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Өңіраралық инспекцияны басқаруды Өңіраралық инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Өңіраралық инспекция басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Өңіраралық инспекция басшысының өкілеттігі:

      1) Өңіраралық инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

      2) Комитеттің төрағасына Өңіраралық инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін кандидаттарды ұсынады;

      3) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;

      4) өз өкілеттігі шегінде Өңіраралық инспекцияның мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;

      5) Өңіраралық инспекцияның қызметін үйлестіреді және бақылайды;

      6) оның құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Өңіраралық инспекцияның мүлігі

      19. Өңіраралық инспекцияның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Өңіраралық инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Өңіраралық инспекцияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Өңіраралық инспекция, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.