"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" м

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 586 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің 29.09.2023 № 17 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      12 және 13 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Комитеттің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      2) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

      13. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіпптен:

      1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев