"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 45 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.04.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар кызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 6 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар кызметі" республикалық мемлекeттік мекемесінің ережесінде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1). 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету;

      14-2) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласымен айналысатын қызметкерлер үшін оқыту және тренингтер өткізу;

      14-3) консалтингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев