"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132 бұйрығына өз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының м.а. 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 57-к бұйрығы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      Е. Сағадиев ______________

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшы өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына және "Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 110-2159 қаулысына және Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 66/11-VI шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының міндетін

      атқарушының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережеде:

      "Жалпы ережелерде":

      8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты";

      "Функцияларында":

      13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау";

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5) және 32-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 135-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      32-2) тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты негізде жүргізу;

      32-3) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу;

      32-4) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, бала асырап алу жөніндегі агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту) тоқтата тұру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру;

      32-5) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіру;

      32-6) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіру;".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса отырып Астана қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
жауапты хатшының міндетін атқарушы
А. Өтешова
      

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
жауапты хатшысының м.а.
2016 жылғы "7" маусым
№ 132-к бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын
қорғау комитеті туралы
ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, және осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      6. Комитеттің құрылымы мен штат саны заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты.1

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады

      11. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      12. Міндеті:

      1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      13. Функциялары:

      1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiру және бағыттау;

      2) комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      3) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;

      4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiру;

      5) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;1

      6) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      8) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      9) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

      10) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      11) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;

      12) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      13) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру;

      15) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      16) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;

      17) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      18) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;

      19) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      20) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      21) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке тасмалдаудың мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

      22) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      23) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      25) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      26) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      27) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған көздерден және мемлекеттік бюджеттен Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырау бойынша іс шаралар өткізу;

      29) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      30) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;

      31) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      32) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      32-1) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 135-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      32-2) тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты негізде жүргізу;

      32-3) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу;

      32-4) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, бала асырап алу жөніндегі агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту) тоқтата тұру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру;

      32-5) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіру;

      32-6) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіру;2

      33) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

      4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      6) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      7) Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

      8) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

3.Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      15. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Төраға басқарады.

      16. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      17. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      18. Комитет төрағасы комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      19. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді және құқықтық сұрақтар бойынша жетекшілік етеді;

      4) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      20. Комитет Төрағасы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады.

      21. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі.

      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалары шегінде және белгіленген жағдайларда мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ________________________________________


      1Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 57-к бұйрығы.

      2Ескерту. 13-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 57-к бұйрығы.