"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2016 жылғы 20 маусымдағы № 5 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 450 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.12.2017 № 450 бұйрығымен

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бұйрықты бекіткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

С. Сарсенов


  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрдің міндетін атқарушы
2016 жылғы 20 маусымдағы
№ 5 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің Ақпарат комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитет өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Төрағаның бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

      7. Мекеменің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14 кіреберіс.

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен
міндеттемелер

      12. Миссиясы:

      Ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.

      13. Міндеті:

      1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) Телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      4) Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыру;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;

      6) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      4) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      5) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      7) мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру;

      8) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      10) жастар ұйымдарымен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      11) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      12) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру; мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      13) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Комитет:

      1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығару;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізу;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Комитеттің міндеттемелеріне:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мен құқықтарын сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;

      4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақытылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртібінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.

      17. Комитет төрағасының белгіленген заңнамалық тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

      19. Комитеттің төрағасы мынадай:

      1) Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

      2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды.

      9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын Комитеттің қызметкерлерінен сақтауды қамтамасыз ету;

      11) Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;

      12) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      Комитет төрағасының өкілеттігін орындау ол болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағаның тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.

      22. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге жол берілмейді.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.