1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 3/354 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1) Алматы қаласы Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы № 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру жөнінде" 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 2/328 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 594 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2004 жылғы 20 мамырда және "Вечерний Алматы" газетінде 2004 жылғы 27 мамырда жарияланған);2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2010 жылғы 16 наурызда және "Вечерний Алматы" газетінде 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған);
3) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 888 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
4) Алматы қаласы әкімдігінің "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2014 жылғы 24 ақпандағы № 1/130 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1026 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).