Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 31.05.2013 N 2/463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласындағы ұйымдарда, меншік түріне қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 31.05.2013 N 2/463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның ресми түрде бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |