Сандықтау аудандық мәслихат сессияның кейбір шешімдерінің күшінің жойылуы туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 42/4 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабынының 5 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихаты шешімінің күшінің жойылуын қосымшаға сәйкес танылсын.
      2. Нақты шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    С.Клюшников

Сандықтау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 17 ақпандағы № 42/4
сессия шешімімен бекітілген 
қосымша           

Күші жойылған деп танылған, нормативті құқықтық актілердің тізімі

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/3 « 2015-2017 жылдарға арналған Сандықтау ауданының бюджеті туралы» шешімі. (2015 жылы 6 қаңтарда Ақмола облысы әділет Департаментінде 4550 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 16 қаңтарында № 2 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      2. Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/4 «Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімі (2015 жылы 22 қаңтарда Ақмола облысы әділет Департаментінде 4604 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 23 қаңтарында № 3 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      3. Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 35/1 «Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/3 «2015-2017 жылдарға арналған Сандықтау аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі. (2015 жылы 10 тамызда Ақмола облысы әділет Департаментінде 4929 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 14 тамызында № 33 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      4. Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 38/1 «Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/3 «2015-2017 жылдарға арналған Сандықтау аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі. (2015 жылы 20 қарашада Ақмола облысы әділет Департаментінде 5060 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 27 қарашасында № 48 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      5. Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 мамырдағы № 32/3 «Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешімі. (2015 жылы 8 маусымда Ақмола облысы әділет Департаментінде 4824 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 12 қарашасында № 24 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      6. 2015 жылғы 17 қарашадағы № 38/2 Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі. (2015 жылы 26 қарашадағы Ақмола облысы әділет Департаментінде 5080 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 4 желтоқсанында № 49 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      7. Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 34/2 «Сандықтау ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешімі. (2015 жылы 26 шілдеде Ақмола облысы әділет Департаментінде 4873 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 24 шілдесінде № 30 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).
      8. Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/1 «Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/3 «2015-2017 жылдарға арналған Сандықтау аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі. (2015 жылы 28 желтоқсанда Ақмола облысы әділет Департаментінде 5145 нөмірімен тіркелген, 2016 жылдың 8 қаңтарында № 1 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған).