Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 34/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 4873 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 42/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 17.02.2016 № 42/4 (қол қойылғаннан кейін күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Миронов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Клюшников

      Келісілді

      Сандықтау ауданының әкімі                  А.Исмағамбетов
      2015 жыл 26 маусым

      «Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитеті Мемлекеттік кірістер
      департаменттерінің Сандықтау
      ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы» Республикалық
      мемлекеттік мекеме басшысының              К.Батталов
      2015 жыл 26 маусым