«Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің «Достық» кедені лауазымды адамдарының, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Достық» станциясы қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар мииистрл

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 410, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1080, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 946, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1143 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 580 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің «Достық» кедені лауазымды адамдарының, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Достық» станциясы қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің «Достық» жеке бақылау-өткізу пункті әскери қызметшілерінің және бақылаушы қызметтер қызметкерлерінің мемлекеттік шекара арқылы теміржол және автомобиль көлігімен өткізілетін жүктерді кедендік ресімдеу кезіндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 190-1, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 258, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 6 мамырдағы № 400, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 мамырдағы № 213, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі директорының 2004 жылғы 7 мамырдағы № 109 (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 мамырда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2874 болып тіркелген) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) ҚР Қаржы министрлігінің Интернет-қорына орналастыруға және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми түрде жариялауға осы бұйрықты жолдауға қамтамасыз етсін.
      3. Мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойылған күннен бастап осы Бұйрық күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі            Денсаулық сақтау және
                                           әлеуметтік даму министрі
      ________ А.С. Мамытбеков            __________ Т.Б. Дүйсенова

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму              Қаржы министрі
      министрі
      _______ Ә.Ө. Исекешев                __________ Б.Т. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      Шекара қызметі директоры
      _______ Д.А. Ділманов