«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мынадай:
1) «Көру қабілеті бұзылған балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру мен профилактикасын жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2008 жылғы 6 наурыздағы № 120 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2008 жылғы 7 наурыздағы № 112 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 жарияланған);
2) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2182) жарияланған);
3) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 665-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9141 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2014 жылғы 23 мамырдағы № 74 (2468) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бірлескен бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оған соңғы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Денсаулық сақтау және
_______ А. Сәрінжіпов әлеуметтік даму министрі
______ Т. Дүйсенова