Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 319 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Ауыл шаруашылығы саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 26 маусымда № 1963 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдеде "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      2. "Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 1916 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      3. "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда № 2203 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      4. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырда № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 2265 болып тіркелген).
      5. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 320 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 2425 болып тіркелген).
      6. "2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 маусымда № 2657 болып тіркелген).