Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 225 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер" туралы Заңының 40 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Б. СӘДІРХАНОВА
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

  Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 225 шешіміне қосымша

Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізімі:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3750 тіркелген, 2014 жылдың 28 қаңтарында аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 213 "Ырғыз ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту" туралы 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4579 тіркелген, 2015 жылдың 8 желтоқсанда аудандық "Ырғыз газетіне" жарияланған) шешімі;
      3. Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 "Әлеуметтік көмектің мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3856 тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      4. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 184 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне өзгерістер енгізу" туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4357 тіркелген, 2015 жылдың 25 маусымда облыстық "Керекinfo" және "Ақтөбеtimes" газеттеріне жарияланған) шешімі;
      5. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 212 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне өзгерістер енгізу" туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4582 тіркелген, 2015 жылдың 8 желтоқсанда аудандық "Ырғыз газетіне" жарияланған) шешімі.