"Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 212 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қарашада № 4582 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 225 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3856 тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Б. СӘДІРХАНОВА
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 212 шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      " 1. Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      Мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      Ауған соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      18 жасқа дейінгі балаларына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде.
      2. Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      3. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты "Қазпошта" акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының Ырғыз аудандық почта байланыс торабы арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.".