2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi  Бюджет кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
       441-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
441-ҚОСЫМША       

637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
         Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  172551 мың теңге (бiр жүз жетпiс екi миллион бес жүз елу бiр мың теңге)
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:  "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi:  республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:  Республиканың бүкiл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тiкелей қолданылуын қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:  адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық сараптау жүргізу; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру; дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешу; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарау; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; соттардың заңды немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарау; Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды жіберу; конституциялық құрылыс процесінде тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен және шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен одан әрі ынтымақтасу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

3

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі мынадай бес тақырып бойынша қызметтер сатып алу:
1) Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесс және бюджет саясаты;
2) мемлекеттік сатып алулар;
3) іс жүргізуді және құжаттануды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылығы және заң шығару процесі;
5) басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған ақпараттық база құру.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқып-үйрену.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

4

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Қазақстан Республикасы конституциялық Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық жабдықтау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

5

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Есептеу техникасын сатып алу - ақпан.
Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуші - ақпан.
Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету - жыл бойы.
Локальді міндеттерді сүйемелдеу - жыл бойы.
Интернет желісіне қол жеткізу қызметі - жыл бойы.
Шығындық материалдар сатып алу - сәуір-қыркүйек.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;
2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже:
Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету;
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 66,0 мың теңге;
2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 46,7 мың теңге;
3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы:
1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;
2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту;
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.