Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 78 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1997.04.01.N 3436 жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын тұрғын үймен, көлiкпен және өзге де қамтамасыз ету, оған медициналық қызмет көрсету және санаторлық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары деңгейiнде, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерiне - Қазақстан Республикасының министрi деңгейiнде жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен оның Аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырсын;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен оның Аппаратын қызмет үй-жайымен, тиiстi жабдықпен, техникамен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi