2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
      407-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                        2005 жылғы 12 желтоқсандағы
                                              N 1235 қаулысына
                                                 407-ҚОСЫМША

       Ескерту. 407-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 206.11.17. N  470и  қаулысымен.

690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Сайлау өткiзудi ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 795207 мың теңге (жетi жүз тоқсан бес миллион екi жүз жетi мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық  заңы ; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы" 2006 жылғы 6 маусымдағы N  130  Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282  Жарлығы ; "Қызметтiк телефондар және мемлекеттiк органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландыратын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшін қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметшілерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты. 
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Парламент Сенаты, Мәжiлiсi депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауда жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметiн қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауларын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру мақсатында қамту, сайлауларды өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулық семинар өткiзу; қызметшiлердің қойылатын бiлiктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетілдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерін, икемдiлiгi мен машықтарын жаңарту, "Сайлау" ААЖ бағдарламасын сүйемелдеу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Сайлау
өткізуді
ұйымдас-
тыру

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комис-
сиясының аппаратын
штат кестесі бойынша ұстау.
Бекітілген тиесілілік
нормативі бойынша
қызметтік автокөлік
ұстау және жалдау.
Көшіру аппаратына тех-
никалық күтім көрсету
және жөндеу.

жыл
ішінде

Қазақстан
Республи-
касы 
Орталық сайлау
комиссия-
сы

3

  

007

Мемле-
кеттік
қызмет-
шілердің
білікті-
лігін
арттыру

Мынандай бес тақырып
бойынша мемлекеттік
қызметшілердің
біліктілігін арттыру
жөніндегі қызметшілер-
ді сатып алу:
- Қазақстан Республи-
касындағы бюджеттік процесс және бюджет саясаты - 1-тоқсан;
- мемлекеттік сатып
алулар - 1-тоқсан;
- іс жүргізуді ұйым-
дастыру және құжаттану
- 2-3-тоқсан;
- Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылығы және заң шығару
процессі - 2-3-тоқсан;
- Қазақстан Республи-
касының Конституциясы
және халықаралық
құқық - 2-3-тоқсан;
- Мемлекеттік және
ағылшын тілдерін
үйрету - 3-4-тоқсан.

жыл
ішінде

Қазақстан
Республи-
касы
Орталық сайлау комиссия-
сы

4

  

009

Мемле-
кеттік
орган-
дарды
мате-
риалдық-
техника-
лық 
жарақ-
тандыру

Орталық аппараттың
және оның аумақтық
органдарының жұмысына
жағдай жасау және
тиімділендіру үшін
мынандай тауарлар мен
жабдықтар сатып алу:
қағаз жойғыштар,
диктофондар, бейнемаг-
нитофондар, магнито-
фондар, бейнеқосақ-
тар, көшіру-көбейту
аппараттары, бейнека-
мералар, факсимильдік аппараттар, тоңазыт-
қыштар, сейфтер, кеңсе
жиһаздары басшы үшін және бөлім меңгеруші-
лері үшін, құжаттарды
сақтайтын, сырт киімдер үшін шкафтар,
креслолар, орындықтар,
стеллаждар, күнперде-
лер, "Nurl@n" жерсеріктік жүйесінің
электрондық 
кинотеатрлары.

жыл
ішінде

Қазақстан
Республи-
касы
Орталық
сайлау
комиссия-
сы

5

  

017

Ақпарат-
тық жүйелер-
дің жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету
және
мемле-
кеттік
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

"Сайлау" ААЖ мамандан-
дырылған жабдықтарына
және есептеу техникасы
құралдарына техникалық
қызмет көрсету, "Сай-
лау" ААЖ ақпараттық
жүйелерін сүйемелдеу,
жабдықтамалық қамтама-
сыз ету және желілер-
дегі ақпаратты қорғау-
ды қамтамасыз ету.
Ақпараттық жүйелерге
әкімшілік ету
жөніндегі қызметтерді,
орталық аппараттың
"Сайлау" ААЖ деректер-
ді беру желісіне және
Интернет желісіне қол
жеткізу қызметтерін
сатып алу. "Сайлау"
ААЖ жұмысын толық
қамтамасыз ету үшін
шығындық материалдар,
жинақтауыш қосалқы
бөлшектер мен қызмет-
терді сатып алу.

жыл
ішінде

Қазақстан
Республи-
касы
Орталық
сайлау
комиссия-
сы

6

  

100

Сайлау
өткізу

Шығып қалғандардың
орнына Қазақстан
Республикасы
Парламенті Сенаты мен
Мәжілісінің депутатта-
рын, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды
әзірлейді және өткізу-
ді ұйымдастыру. Сайлау
комиссиялары мүшелері-
мен сайлауларды әзір-
леу және өткізу мәсе-
лелері бойынша екі
семинар өткізу.

жыл
ішінде

Қазақстан
Республи-
касы
Орталық
сайлау
комиссия-
сы

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтижелер:
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының орталық аппаратын 51 бiрлік штат санының лимитi бойынша қамту, орталық аппарат қызметкерлерiнің материалдық-техникалық жарақталуын 100% қамтамасыз ету;
- Республика бойынша тұтас алғанда Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығару;
- сайланған комиссияларының қызметiне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
- аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдар қарау;
- саны - 10 адамның кәсiби деңгейiн жоғарылату, саны - 25 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету, саны - 20 адамға ағылшын тiлін үйрету.
Түпкiлiкті нәтижелер:
- Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асыруға бiрыңғай қолдануын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайлар жасау;
- мемлекеттік қызметшілердің сұранысын кәсiпқойлық деңгейiн көтеруде - 20%, мемлекеттiк тiлдi үйренуде - 50%, ағылшын тілін үйренуде - 40% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесi:
- бюджеттiк қаржыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметінің сапасын жоғарылатуға пайдалану;
- бюджеттiк қаржыны дер кезiнде және толық игеру;
- орталық аппараттың бiр мемлекеттік қызметшiсiн қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 9725,5 мың теңге;
-  штаттан тыс бiр қызметкердi қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 499,5 мың теңге;
- бiр мемлекеттік қызметшінің бiлiктiлiгiн жоғарылатуға арналған орташа шығыстар - 22,3 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк тiлдi үйретуге арналған орташа шығыстар - 1З,76 мың. теңге;
- бiр мемлекеттік қызметшіге ағылшын тiлiн үйретуге арналған орташа шығыстар - 6,0 мың теңге;
- Сенатқа бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 860,0 мың теңге;
- Мәжiлiске бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 2616,0 мың теңге;
- мәслихаттарға бiр депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 
115,0 мың теңге.
Уақтылығы:
- сайлауларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңға сәйкес өткiзудi қамтамасыз ету;
- жоспарланған iс-шараларды белгiленген мерзiмдерде атқару.
Сапасы:
- осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттiк қызметтің талаптары бойынша мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейiн жоғарылату;
- мемлекеттiк тiлдi үйрену курсын өткен соң мемлекеттiк қызметшілердің 10% iс жүргізудi мемлекеттік тiлде жүзеге асыратын болады;
- ағылшын тiлін үйрену курсын өткен соң мемлекеттiк қызметшілердің 5% ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн болады;
- бiлiктілiгiн жоғарылату курсын өткен соң мемлекеттік қызметшiлердің 2% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын болады.