Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 332 бұйрығы

      «Нормативік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         В. Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 4 шілдедегі   
№ 332 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. «Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын бейбіт және соғыс уақытында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 мамырдағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1223 болып тіркелген) бұйрығы.
      2. «Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тізімдеудің) шамамен алынған нормалары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1230 болып тіркелген) бұйрығы.
      3. «Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1229 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған, 2001 ж. № 5, ст.320) бұйрығы.
      4. «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі № 165-қпү (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1233 болып тіркелген) бұйрығы.