"Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты" бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы N 140 бұйрығы ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 5, ст.320) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1229. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 332 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі 2000 жылғы қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 637 P000637_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қаптал жолақтарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін бір көзден алу тәсілімен 2000 жылға арналған республикалық

 

бюджеттің N 34 "Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарын пайдалану"

бағдарламасы бойынша көзделген 21 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатты осы

мақсатқа пайдалана отырып, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуды

жүзеге асырсын".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.