"Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 215 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 56 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Агенттіктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Агенттіктің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33.
      9. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Агенттіктің миссиясы – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы тиімді мемлекеттік басқаруды, үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
      14. Агенттіктің міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Агенттіктің функциялары:
      1) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік басқаруды, үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      3) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      4) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      5) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
      6) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      7) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      8) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткізеді;
      9) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрі олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      10) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
      11) спорттағы допингке қарсы іс-шараларды жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;
      12) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      13) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорттық ұйымдарда және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
      14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды береді: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, спорттан жоғары санатты ұлттық төреші, спорттан ұлттық төреші;
      15) спорт түрлерінен республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
      16) Президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді;
      17) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
      18) спорт құрылыстарын пайдалану нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      19) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушыларын және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;
      20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21) жаттықтырушылар, нұсқаушы-спортшылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      22) спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
      23) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;
      24) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды;
      25) Дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      26) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері мен спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      27) Спорт түрлерi бойынша жарыстар қағидаларын бекiтедi;
      28) Спортшының бір дене шынықтыру-спорттық ұйымынан, дене шынықтыру-спорттық қоғамынан (спорттық клубтан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымына, дене шынықтыру-спорттық қоғамына (спорттық клубқа) өту қағидаларын бекітеді;
      29) дене шынықтыру-спорттық және балалар мен жасөспірімдер спорттық ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
      30) жыл сайын түрлі спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекітеді;
      31) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      32) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      33) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      34) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемақыларды қамтамасыз етеді;
      35) Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертіккен кезде бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады;
      36) Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады;
      37) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
      38) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      39) ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      40) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
      41) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      42) ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      43) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;
      44) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
      45) гендерлік саясатты жүзеге асырады.
      16. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға құқылы;
      2) азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
      4) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді көтереді;
      5) өзінің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде көрсетуді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді көтереді;
      6) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау бойынша міндеттерді көтереді;
      7) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын бақылау бойынша міндеттерді көтереді;
      8) спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді көтереді.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      17. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады.
      18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Агенттік төрағасының өкілеттігі:
      1) Агенттікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) Агенттікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
      5) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
      22. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Агенттіктің мүлкi

      23. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі тапсырған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      17. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      18. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      19. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21. «SPORT&ks» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      22. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      23. «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы.
      24. «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
      25. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
      26. «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы.

Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі.