«Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 17-03/513 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы. Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №. 57-е Өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Орынбасарының 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 ақпанда № 2717 болып тіркелген; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерінің бюллетені» бюллетенінде 2004 ж. № 25-28, 957 жарияланған).
      2. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті апталық мерзімде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»                           «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі       Білім және ғылым министрі
      _________________ Н. Қаппаров         ___________ Б. Жұмағұлов
      «___» _________ 2012 жыл              «___» _________ 2012 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________Б. Жәмішев
      «___» _________ 2012 жыл