«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі № 362 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 қазанда № 4967 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2008 ж., қаңтар, № 1, 301-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық ішкі істер органдары жеке құрамының назарына жеткізілсін.
3. Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті:
1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов