Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қаласының мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі мен мөлшері айқындалсын:
1) оқыту шығындарын өтеу "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) он сегіз жасқа толмаған мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу отбасының табысына қарамастан ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі;
3) шығындарды өтеу мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы ведомствоаралық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялық комиссия берген қорытындыда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап беріледі және мынадай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
баланың он сегіз жасқа толуы;
мүгедектікті алып тастау;
мүгедек баланың қайтыс болуы;
мүгедек баланы толық мемлекеттік қамтамасыз етуге анықтау;
тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру;
алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтерді ұсынуы;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету;
4) шығындарды өтеу жеке оқу жоспары бойынша тиісті оқу жылы ішінде "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға Петропавл қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде әрбір кемтар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады;
5) артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Л.Қайыржанова |
| Қалалық мәслихат | |
| хатшысы | А.Бердағұлов |