Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района

Решение Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 16 сентября 2016 года № 6С 7-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 29 сентября 2016 года № 5553.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Абилов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2016 жылғы 16 қыркүйек

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 6С7-3 шешімімен
бекітілген

Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Егіндікөл аудандық бөлімшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Егіндікөл ауданының кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалар Егіндікөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
      4. Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органнан мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек осы Қағидаларының мақсаты болып табылады.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай – ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
      1) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерлерін шығару күні (бір рет);
      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні (бір рет);
      3) 9 мамыр – Жеңіс Күні (бір рет);
      4) 1 қазан – Қарт адамдар күні (бір рет);
      5) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы алушыларға ұсынылады:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға;
      тыл еңбеккерлеріне;
      зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға;
      мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, стационарлық емделудегі тұлғаларға);
      көп балалы отбасыларына;
      "Алтын алқа", "Күміс алқа", I-II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған немесе бұрын "Батыр – Ана" атағын алған көп балалы аналарға;
      балаларға, соның ішінде жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынан қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;
      күнкөрісі төмен азаматтарға (отбасыларына);
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттерге;
      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);
      өмірлік қиын жағдайда жан басына шаққандағы орташа табыстағы ең төмен күнкөрістегі азаматқа (отбасына).
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
      4) қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға ("Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабына сәйкес).
      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) 9 мамыр – Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – елу төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыстың қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      тыл еңбеккерлеріне – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Қарт адамдар күніне:
      ең төменгі мөлшердегі және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Мүгедектер күніне:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
      қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарға, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Егіндікөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері елу айлық есептік көрсеткішке тең, бір рет;
      туберкулезбен, адамның имун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтарға бір жыл ішіндегі дәрігерлік консультациялық кеңестің қорытындысы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      ісік науқастары бар азаматтарға, ісік ауруына шалдығып ісіктік стационар жағдайында арнайы емделіп жатқан азаматтарға бір жыл ішіндегі науқас тарихы үзіндісі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілгендерді, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларын "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен қамтамасыздандыру үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде, бір рет;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін мемдициналық мекеме куәландыруының негізінде жыл ішінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      барлық топтағы мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін мемдициналық мекеме куәландыруының негізінде жыл ішінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      аналарға үшінші және одан кейінгі бала туғаны үшін баланың туу туралы куәлігінің негізінде жыл ішінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын колледж студенттеріне білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты тұлғалардың (отбасылардың) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеріс актісі және оқуды төлеу түбіртектері негізінде оқу шығындарын жүз пайызға өтеу;
      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Егіндікөл ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Егіндікөл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін өтініштің берілген күніне сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізіп, кезек бойынша;
      әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша көрсетіледі, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде:
      - коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;
      - жылу беру маусымына қатты отын алуға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      - байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде;
      - газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде.
      5) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындарға табыстарын ескере отырып:
      өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ұсынылған санаттардағы азаматтарға жылына бір рет көрсетіледі. Көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әрбір жеке жағдайда арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең, бір рет көрсетіледі.
      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін азаматтарға (отбасыларына) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      12. Аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттер әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      колледждерде оқитындар:
      білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі;
      оқу орнынан берілген анықтама;
      кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты;
      өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжат;
      төлем туралы квитанциялары;
      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитындар:
      білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі;
      аудан әкімі, Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты;
      оқу орнынан берілген анықтама;
      кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты.
      13. Әлеуметтік көмек алу үшін азаматтарға (отбасыларына) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс себетінің құнынан төмен өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушы болып табылатыны туралы анықтаманы ұсынады.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған
құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидаларының 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек Егіндікөл ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Егіндікөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.