Об утверждении Правил предоставления банками государственным органам, судам через платежный шлюз "электронного правительства" сведений и информации об осуществленных платежах и (или) переводах денег, связанных с уплатой платежей в бюджет, перечислением обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов и социальных отчислений, а также оплатой государственных услуг

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 9 декабря 2016 года № 276. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 января 2017 года № 14713.

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      _____________Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 10 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы

      Сотының жанындағы Соттардың

      қызметін қамтамасыз ету

      департаментінің басшысы

      (Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының аппараты)

      ________________А. Тоқсаба

      2016 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      _____________Д. Ақышев

      2016 жылғы 20 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 276 бұйрығымен
бекітілген

Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға,
соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған
төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      4) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар – төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      5) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО-да орналасқан ақпараттық жүйелердің МО БКО-дан тыс орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына арналған ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік
органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен,
сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен
ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері

      3. Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру (бұдан әрі – сервис) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Банктің АЖ-ның, ЭҮТШ-тің және мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ның ақпарат алмасуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешенін қамтитын сервисті техникалық іске асыру және тестілеу;

      2) Банктің АЖ иесі, уәкілетті орган, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік орган сервисті техникалық іске асыру және бірлесіп тестілеу аяқталғаннан кейін, сервисті пайдалануға беру туралы бірлескен шешімі (хаттама, акт) негізінде Банктің ЭҮТШ-пен АЖ-ң, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органның өзара іс-қимылын пайдалануға енгізеді.

      4. Банктердің ЭТҮШ арқылы мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ға мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімі келесі талаптарды қамтиды:

      1) Банктің АЖ бюджет сыныптамасының кодтары мен мемлекеттік кірістер органдарының кодтарының анықтамасымен өзара әрекеттесу (бұдан әрі – Анықтамалық). Анықтамалықпен жұмыс істеудің толық сипаттамасы өзара әрекеттескен қатысушылар арасында сервисті техникалық іске асыру процесінде келісіледі және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сервисті пайдалануға беру туралы бірлескен шешімінде (хаттама, акт) көрініс табады;

      2) Банктің АЖ-сы күн сайын Астана қаласы уақытымен сағат 08:00-ге дейін Анықтамалықтың жаңартылуын сұрайды;

      3) Банктің АЖ жаңартылу болған кезде Анықтамалық өзектендіріледі;

      4) Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыдан төлемдерді қабылдау кезінде Банктің АЖ-ы Анықтамалыққа сәйкес бюджет сыныптамасының рұқсат етілмейтін кодтарын және мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын тексеру бойынша Банкпен әзірленген сервиске сәйкес енгізілген төлем құжатының деректемелерін тексереді;

      5) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болмаған жағдайда, Банк банк операциясын қабылдамайды және төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға дұрыс деректемелерді беру үшін хабарлайды;

      6) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болған жағдайда, Банк төлемді қабылдайды;

      7) Төлем қабылданғаннан кейін Банктің АЖ-ы ЭҮТШ-ке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес клиенттен ЭҮТШ-ке тапсыруға жататын төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесіне (МТ100 форматында) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Банктің АЖ-н ЭҮТШ-ке беру үшін жиынтық төлем хабарламаларының деректемелері тізбесіне сәйкес жүргізілген төлем туралы ақпарат жібереді;

      8) ЭҮТШ Банктің АЖ-н жүргізілген төлем туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды, бірегей төлем кодын (бұдан әрі – БТК) түрлендіреді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем Банктің АЖ-а тапсыруға жататын ЭҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесіне сәйкес алынғаны туралы Банктің АЖ-на хабарлайды;

      9) Банктің АЖ-ы ұсынылған БТК-ты және жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды;

      10) ЭҮТШ электрондық құжатта жүргізілген төлем туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік органның АЖ-на жібереді;

      11) Банктің оперциялық күні жабылғаннан кейін немесе Банктің келесі операциялық күнінің сағат 11.00-ге дейін Банктің АЖ-ы ЭҮТШ-ке қабылданған және жөнелтілген, сондай-ақ жеке төлемдер туралы жиынтық ақпарат жібереді;

      12) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ОБДШ АЖ) төлем алғанан кейінгі келесі күннің сағат 11.00-ден кейін ЭҮТШ-ке төлемдер бойынша жиынтық алу үшін сұрау салу жібереді;

      13) ЭҮТШ ОБДШ АЖ-нан сұрау салуды алған кезде Банктердің АЖ-н алынған жиынтық ақпарат негізінде төлемдер бойынша жиынтық қалыптастырады және жиынтықты ОБДШ АЖ-на жібереді;

      14) ЭҮТШ тәулігіне 1 (бір) рет мерзімділікте сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін "е-Қаржымині" ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ЫААЖ) Қазынашылықтың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің сұратылған бюджет сыныптамасы кодтарының (бұдан әрі – БСК) деректер жинақталымына қатысты "е-Қаржымині" ЫААЖ ДҚ-тағы төлемдері бойынша мәліметтер сұрайды. Сұрау салу ЭҮТШ-тің идентификаторы мен сұратылған мерзімділіктің күнін (төлемді валюталандыру күні) қамтиды;

      15) Көрсетілген күн үшін сұратылған БСК-тың деректер жинақталымына қатысты жаңартылу болған кезде "е-Қаржымині" ЫААЖ-сы ЭҮТШ-ке түзетілген деректер жібереді.

      5. Ақпарат алмасу тіркеу куәлігі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген ақпараттық жүйе иелерінің ЭЦҚ пайдаланумен веб-сервистер (синхронды режимде) арқылы жүзеге асырылады.

      6. Деректерді беру үшін көлік хаттамасы (TCP), гипермәтінді жіберу хаттамасы (HTTP), сондай-ақ стек хаттамалары және веб-сервистердің стандарттары (WSDL/SOAP) пайдаланылады. Ақпарат алмасу ақпараттық өзара іс-қимылдың электрондық коммуникация құралдарына және ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптарды сақтаумен жүргізіледі.

      7. Ақпараттық өзара іс-қимылының жұмыс істеу процесінде кіріс хабарламалар үшін ЭЦҚ тексеру кезінде және шығыс хабарламалар үшін ЭЦҚ қалыптастыру кезінде "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) сәйкес жалпы талаптар сақталады.

      8. Тәжірибелі пайдалану шеңберінде Банктердің АЖ-ын ЭҮТШ-ке қосу қорғалған байланыс арналарын құру жолымен ЭҮСШ арқылы жүзеге асырылады.

      9. ЭҮТШ-ті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне МО БКО қосу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Ақпарат алмасу барысында техникалық ақаулар туындаған жағдайда, ақпарат алмасуға қатысушылар оларды жою үшін шаралар қабылдайды.

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі
арқылы мемлекеттік
органдарға, соттарға
бюджетке төлемдер төлеумен,
міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын және
әлеуметтік аударымдарды
аударумен, сондай-ақ
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерге ақы төлеумен
байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі
қағидаларына 1-қосымша

Клиенттен ЭҮТШ-ке тапсыруға жататын төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесі (МТ100 форматында)

р/с №

Жолдың атауы

Форматы

Ескертпе

1

Банктің АЖ-да қалыптасатын төлемнің референсі/уақытша нөмірі
(bankReference)

Кіші (16х)

МТ100 үшін 20 жол

2

Операциялық күннің мерзімі (documentDate)

Нышандық (8n)

МТ100 үшін 32А жол

3

Төлем сомасы, валюта коды (amount)

Нышандық (18х.2х.3n)

МТ100 үшін 32А жол

4

Төлеушінің ЖСН/БСН
Бастамалаушы клиент (senderIdn)

Кіші (12n)

50 жол, негізгі сөз IDN

5

Төлеушінің атауы Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы (senderName)

Нышандық (60x)
 

50 жол, негізгі сөз NAME

6

Ақша жіберуші Банктің БСН (bankIdn)

Кіші (11x)

52В жол
 

7

Ақша жіберуші Банктің БСК (bankBik)

Кіші (11x)

52В жол
 

8

Ақша жіберуші Банктің атауы (bankName)

Кіші (11x)

52В жол
 

9

Ұйымның- бенефициардың БСК (receiverBik)

Кіші (11x)

57В жол
 

10

Бенефициардың атауы (treasuryName)

Нышандық (60x0

59 жол, негізгі сөз NAME

11

Бенефициардың БСН (treasuryIdn)

Кіші (12n)

59 жол, негізгі сөз IDN

12

СОК – салық органының коды (kno)

Кіші (4n)


13

Төлем белгілеу коды (knp)

Кіші (3n)

70 жол, негізгі сөз KNP

14

Операция түрі (operationType)

Кіші (2n)

70 жол, негізгі сөз VO

15

Бюджет сыныптамасының коды (kbk)

Кіші (6n)

70 жол, негізгі сөз BCLASS

16

Құжат нөмірі pay (DocumentNumber)

Кіші (9x)

70 жол, негізгі сөз NUM

17

Төлем мақсаты (assign)

Нышандық (62x6*70x)

70 жол, негізгі сөз ASSIGN

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі
арқылы мемлекеттік
органдарға, соттарға
бюджетке төлемдер төлеумен,
міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын және
әлеуметтік аударымдарды
аударумен, сондай-ақ
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерге ақы төлеумен
байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі
қағидаларына 2-қосымша

Банктің АЖ-нен ЭҮТШ-ке беру үшін жиынтық төлем хабарламаларының деректемелері тізбесі

р/с №

Жолдың атауы

Міндетті түрде

Форматы

Ескертпе

1

Банктің АЖ-да қалыптастырылған төлем референсі (bankReference)

Иә

Кіші (16х)

МТ 102 үшін 20 жол

2

Ақша жіберуші банктің БСК (bankBik)

Иә

Кіші (11x)

52В жол

3

Операциялық күннің мерзімі (payDate)

Иә

Нышандық (8n)

МТ100 үшін 32А жол немесе МТ102 үшін 32А жол

4

БСК (kbk)

Иә

Кіші (6n)

БСК

5

СОК – салық органының коды (kno)

Иә

Кіші (4n)

СОК (егер жиынтық топтастыру СОК бойынша өтсе ғана толтырылады)

6

Жалпы сомасы (totalAmount)

Иә

Нышандық (18х. 2х)


7

Валюта коды (currency)

Иә

Нышандық (3n)


8

Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments)

1)

Әрбір операция үшін ЭҮТШ-те қалыптасқан төлемнің бірегей коды (reference)

Иә

Кіші (14х)

ТБК

2)

Банктің АЖ-да қалыптасатын төлем референсі (bankReference)

Иә

Кіші (16х)

МТ102 үшін 21 жол

3)

Төлем сомасы (amount)

Иә

Нышандық (18х. 2х)

МТ100 үшін 32А жол

4)

Валюта коды (currency)

Иә

Нышандық (3n)

МТ100 үшін 32А жол

5)

Төлемнің күні және уақыты (payDateTime)

Иә

Нышандық (8n.6n)

МТ102 үшін 32А жол

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі
арқылы мемлекеттік
органдарға, соттарға
бюджетке төлемдер төлеумен,
міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын және
әлеуметтік аударымдарды
аударумен, сондай-ақ
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерге ақы төлеумен
байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі
қағидаларына 3-қосымша

Банктің АЖ-на тапсыруға жататын ЭҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесі

р/с №

Жолдың атауы

Міндетті түрде

Форматы

Ескертпе

1

Төлемнің бірегей коды/ ЭҮТШ қалыптасқан уақытша нөмір

Иә

Кіші (14х)

ТБК

2

Банктің АЖ-да қалыптасқан төлем референсі

Иә

Кіші (16х)

МТ100, МТ102 үшін 20 жол