Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. <*>
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
қаулысымен. P010357_
3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Негізгі міндеттері
4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
бірыңғай мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. ЖҒТК-ның:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу
Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын
қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.
8. ЖҒТК-мүшесінің:
өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар
және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК
қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК
мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге
құқығы бар.
9. ЖҒТК мүшелері:
ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға
белсенді қатысуға;
ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты
болуға міндетті.
10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда
бір рет өткізіледі.
ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының
кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған
ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда
төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның
Құрамы
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.03. N 1010
қаулысымен.
P001010_
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357
қаулысымен.
P010357_
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім
Нұрғалы Сұлтанұлы және ғылыми министрі, төрағаның
орынбасары
Әбсәметов - Қазақстан Республикасы Білім
Мәліс Құдысұлы және ғылым министрлігі Ғылым
департаментінің директоры, хатшы
Әбділдин - Қазақстан Республикасы
Жабайхан Мүбәрәкұлы Парламентінің сенаторы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
(келісім бойынша)
Абдуллин - Ғылым және білім қайраткері
Айтмұхамед Абдоллаұлы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
(келісім бойынша)
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының
Нұртай Әбіқайұлы Сыртқы істер бірінші вице-министрі
Әдекенов - Фитохимия институтының директоры,
Серғазы Мыңжасарұлы Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
Айтхожина - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нағима Әбенқызы ғылым академиясының президенті,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
Әлиев - А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия
Мұхтар Әлиұлы ғылыми орталығының директоры,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
Бәйменов - Қазақстан Республикасының
Әлихан Мұхамедияұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Донақов - Қазақстан Республикасының
Талғат Советбекұлы Әділет бірінші вице-министрі
Досқалиев - Қазақстан Республикасы
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау істері жөніндегі
агенттіктің төрағасы
Ерғожин - Қазақстан Республикасының
Еділ Ерғожаұлы Білім және ғылым вице-министрі,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Пернехан Әшімбайұлы министрлігі Әскери-ғылыми
орталығының бастығы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы Қаржы бірінші вице-министрі
Жеңсікбаев - Теориялық және қолданбалы
Александр Әліпханұлы математика институтының
директоры, Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-
мүшесі
Жоламан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Рүстем Қабидоллаұлы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
мәдени даму бөлімінің меңгерушісі
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының Білім
Мырзатай және ғылым министрлігі
Жолдасбекұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
университетінің ректоры
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы және ғылым бірінші вице-министрі
Қалиев - Қазақстан Республикасы
Ғани Әлімұлы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
(келісім бойынша)
Келімбетов - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
Қайрат Нематұлы жоспарлау жөніндегі
агенттігінің төрағасы
(келісім бойынша)
Қосынов - Қазақстан Республикасы
Алмас Олжабайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Аэроғарыш
комитетінің төрағасы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы Экономика және сауда министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасы Білім
Аманкелді Құсайынұлы және ғылым министрлігі Жоғары
аттестациялық комитетінің
төрағасы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Көлік
Кәрім Қажымқанұлы және коммуникация министрі
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Білім
Болат Нығметұлы және ғылым министрлігі Физика-
техникалық институтының
директоры, Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының академигі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сауат Мұхаметбайұлы шаруашылығы министрі
Нәрібаев - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
Көпжасар Нәрібайұлы ұлттық университетінің ректоры,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
Пивень - Қазақстан Республикасы Білім
Геннадий Георгиевич және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
ректоры
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрі
Сатыбалдин - Ұлттық академиялық аграрлық
Әзімхан Әбілқайырұлы зерттеулер орталығының бас
директоры, Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
Шарманов - "Тағамтану институты" жабық
Төрекелді Шарманұлы акционерлік қоғамының директоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
Школьник - Қазақстан Республикасы Премьер-
Владимир Сергеевич Министрінің орынбасары,
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Андар Мәулешұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.