О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1264 "О создании Межведомственной комиссии по вопросам осуществления приоритетного права государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1476

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:

Қосжанов
Бақытбек Жамалбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша);

      көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қосжанов
Бақытбек Жамалбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамдардан Ғұсман Кәрімұлы Әмрин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов